10 қаңтар 2022 19:28

Жамбыл облысындағы тәртіпсіздік кезінде 15 адам қаза тапты - әкімдік

Фото:instagram.com/vtvs_taraz Фото:instagram.com/vtvs_taraz

Жамбыл облысының әкімдігі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандар мен ұсталғандар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысының әкімдігі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандар мен ұсталғандар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Облыс орталығында террористік актінің алдын алдық, қаруланған 10 шақты қылмыскер өлтірілді, 269 арандатушы ұсталды. 20 қылмыстық іс және 104 әкімшілік іс қозғалды. 42 адам ауруханада жатыр. Жалпы 15 тұрғын қайтыс болды, оның екеуі құқық қорғау органдарының қызметкері", - деді баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Одан бөлек, Жамбыл облысы әкімдігінің ғимаратын өртеп жіберген 4 қылмыскер ұсталды, олардың екеуінен Калашников автоматы тәркіленді. 

Тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органының 7 қызметкері жараланды. 100-ге жуық қызметтік көлік қирады. 

Жалпы 283 тұрғын медициналық көмекке жүгінген, оның 42-сі ауруханада жатыр. 

Одан бөлек, аймақта қаруланған топтарды іздестіру бойынша операциялар жүргізіліп жатыр. 

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері облыста ахуал тұрақты екенін және жағдай өңірлік жедел штабтың бақылауында екенін атап өтті.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети