23 маусым 2022 10:07

"Жан жағымызда қоршау". Алматы облысында ауыл тұрғындары шағымын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Қызылқайрат ауылындағы сегіз үйдің тұрғындары жолдың жоқтығына шағымданып отыр. Көршілердің қоршауы оларды жолдан бөліп тастаған, - деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.


Алматы облысы Қызылқайрат ауылындағы сегіз үйдің тұрғындары жолдың жоқтығына шағымданып отыр. Көршілердің қоршауы оларды жолдан бөліп тастаған, - деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Жарты жылдан бері көлікті айтпағанда, жаяу үйге жету қиынға соғады дейді жұрт. Олар бұл мәселеге көршілерін емес, жер учаскесін жеке тұлғаға берген жергілікті әкімшілікті кінәлап отыр.

Үйден шығу үшін тұрғындар көршілерінің ауласынан өтуге рұқсат сұрайды. Бірақ бұл әзірше, дейді олар.

"Жан жағымызда қоршау, "зонада" отырған сияқтымыз. Қазір ғана Қызылқайраттың орталығында ем алып келіп отырмын. Жаяу. Мына үйдің ортасымен өтіп, мына жерге демалып алып, одан былай қарай үйіме бару үшін шарбақтың арасынан өтуім керек", - деді Қызылқайрат ауылының тұрғыны Әлипа Әділбекова.

"Жекеменшік жер болғандықтан, жер иесі бермеймін деп жолды жауып отыр. Мәселенің ақ-қарасы - осы. Екіншіден, жол ашу не бұрынғы өтіп жүрген жолдың иесімен сөйлесеміз. Біздің заңгерлер мен мамандар сөйлесіп жатыр. Ауданның архитектор бөлімі мен жер кадастры бөлім мамандары да жұмыс жүргізіп жатыр", - деді Алатау ауылдық округінің әкімі Азамат Сейітов.

Жол мен көше жарықтарының жоқтығы ауыл тұрғындарының тағы бір мәселесі. Әкімдік тұрғындардың жаңа аумақта тұратынын түсіндірді. Жоспар бойынша жұмыс алдымен басқа көшелерде жүргізілмек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети