31 желтоқсан 2020 14:24

"Жаңа жыл қарсаңында": Алматыда үй шатыры өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 30 желтоқсанда Түрксіб ауданында Ыстықкөл көшесінің бойындағы екіқабатты ғимараттың шатыры өртенді. Өрт сөндірушілер ғимараттың көп бөлігін өрттен сақтап қалды. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрттің видеосы бүгін, 31 желтоқсанда Instagram желісіндегі kris.p.online парақшасында пайда болды. Видео авторы ғимарат Рысқұлов көшесінен төмен жанармай құю бекетінің маңында орналасқанын айтады.

"Жаңа жыл қарсаңында, 2020 жыл, соңғы күн", - деп жазылған жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.online)

ТЖД баспасөз қызметі өрт 30 желтоқсанда сағат 01.31-де болғанын мәлімдеді. Өрт Түрксіб ауданында Ыстық-Кульская көшесі 6 "А" мекен-жайындағы қазір жұмыс істемейтін екіқабатты ғимараттың шатырында шыққан.

"Өрттің қарқынды жануына ғимараттың оңай тұрғызылған құрылымдардан, яғни жанғыш оқшауламадан құралатын сэндвич-панельден тұруы ықпал етті. Өрт сөндірушілер келгеннен кейін 20 минуттан соң өрт оқшауланып, 02.38-де жалпы алаңы 160 шаршы метр аумақ сөндірілді", - делінген хабарламада.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ екені айтылды. Өрт сөндірушілер ғимараттың басым бөлігін өрттен сақтап қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети