27 желтоқсан 2021 09:49

Жаңа жылға дейін бағасы өспей тұрып не сатып алып үлгеру керек?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Сарапшылар жаңажылдық мерекелер қарсаңында бюджетті қалай басқару керегін және ұтымсыз саудадан қалай аулақ болу керегін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сарапшылар жаңажылдық мерекелер қарсаңында бюджетті қалай басқару керегін және ұтымсыз саудадан қалай аулақ болу керегін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржылық шығынды саналы түрде жасау

Қаржыгер Марат Абдурахманов қазақстандықтарға ірі саудадан бас тартуға және қаржыны үнемдеуге кеңес береді.

"Жаңа жылдан бастап салық өсіп, ережелер өзгереді. Бензин бағасының өсуін және 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап ТІЖ (тауарға ілеспе жүкқұжат) енгізілуін ескере отырып, әрине, бәрі қымбаттайды. Яғни, азық-түлік, техника және қызмет көрсету. Сондықтан мен ірі саудадан бас тартуды ұсынамын. Азық-түлік - бұл қажеттілік. Өкінішке қарай, азаматтардың екі пайыздан астамы оларды несиеге сатып ала бастады. Бұл сұраныс төмендегенін білдіреді. Әр отбасы Жаңа жыл алдында өзіне сыйлық жасағысы келеді, сондықтан қаржыға сауатты қарау керек. Қаржылық қор болуы керек. Яғни, 6 айға жұмсалатын шығыннан кем емес жинақ", - деп кеңес береді қазақстандық қаржыгер.

Бұл ретте Марат Абдурахманов денсаулыққа көп көңіл бөлуді ұсынады. Сарапшы пікірінше, денсаулыққа салынған инвестиция - ең сенімді әрі тиімді инвестиция.

Қажетті сауданы кейінге қалдырмаңыз

Қаржы талдаушысы Андрей Чеботарев қазақстандықтарға міндетті сауданы мерекеден кейінгі күндерге қалдырмауға және Жаңа жылға дейін қажетті затты алуға кеңес береді.

"Егер техниканы немесе басқа бір нәрсені сатып алу туралы айтатын болсақ, мұнда әркімнің жағдайына байланысты, егер сізде жөндеу жұмыстары жүріп жатса, көшуді жоспарласаңыз, оны қазір жасаған дұрыс. Егер өзіңізге қажет нәрсені сатып ала алсаңыз, оны дәл қазір жасауға кеңес беремін. Бүгін ол нәрсе келесі жылға қарағанда арзанырақ болады. Өсу қарқынының баяулауы мен төмендеуінің алғышарттары келесі жылдың аяғына қарай ғана болуы мүмкін. Сондықтан, егер сізде міндетті сауда болса, оны кешіктірмеңіз", - деп кеңес береді Қаржы талдаушысы.

Мереке алдындағы жеңілдіктерді пайданалу

Қаржыгер Алмас Чукиннің пікірінше, ең жақсы стратегия - бұл бюджетті саналы түрде жоспарлау. Сондай-ақ, мереке алдындағы жеңілдіктерді пайдалану.

"Біріншіден, инфляция ешқашан артқа жүрмейді. Егер бір нәрсе қымбаттаған болса, онда ол қымбаттайды. Сондықтан оның арзандауын күту - бұл ең үмітсіз әрекет. Тиісінше, осыған сүйене отырып, мен жеңілдікпен сатылатын нәрсені алуға кеңес беремін, сондықтан оларды елемеуге болмайды. Жаңажылдық жеңілдіктер 31-інен кейін де ұзаққа созылады. Қаңтар - бұл сауда тұрғысынан ең қиын ай екенін ұмытпаңыз, өйткені мереке күндері адамдар әдетте ақша жұмсауға бейім болады", - деп толықтырды сарапшы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети