25 қараша 2022 09:08

Жаңаөзенде дене шынықтыру мұғалімі оқушыларға қол көтерген

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Жаңаөзендегі №5 мектеп-гимназиясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыларды ұрып жатқаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.


Желіде Жаңаөзендегі №5 мектеп-гимназиясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыларды ұрып жатқаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Видеода мұғалім оқушының шашын жұлып, бірнеше рет ұрғаны, ал екінші оқушыны артынан тепкені көрсетілген.

Жаңаөзен қаласы білім басқармасы бұл дерек бойынша арнайы комиссия құрылғанын және мектеп-гимназияның тәртіптік кеңесі отырысының шешімімен оқушыларға күш көрсеткен мұғалімнің ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы бойынша жұмыстан босатылғанын хабарлады.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-бөлігі "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау" бойынша соталды тергеу басталғанын мәлімдеді.

Басылым мәліметінше, қамқорлығындағыларға қол көтерген дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 160 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети