ПОДЕЛИТЬСЯ
30 желтоқсан 2019 | 11:06
Жанармай ауа райына байланысты жанбай қалған - Тұрғымбаев Bek Air ұшағының апаты туралы
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Bek Air ұшағында жанармайдың ауа райына байланысты жанбай қалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Bek Air ұшағында жанармайдың ауа райына байланысты жанбай қалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қуанышқа орай, зақымдалған жанармай багы орналасқан сол жақ қанатында өрт шыққан жоқ. Жанармайдың жартысы ұшақтың астына төгілді. Ауа райына байланысты (қыс, қар және суық болуына байланысты) өрт шыққан жоқ. Осының арқасында құрбан болғандар саны көп болмады", - деді Тұрғымбаев Үкімет кулуарында.
Сондай-ақ, ІІМ басшысы Bek Air ұшағының апатқа ұшырауының үш нұсқасын атады.
27 желтоқсанда таңғы уақытта Алматыдан ұшып шыққан 93 жолаушысы бар Bek Air ұшағы радардан жоғалып кетті.
Показать комментарии
Читайте также