Қазақстанда 26 маусымда жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы, желдің екпінді күшеюі және шаңды дауылдар тұруы ықтимал. Елдің солтүстік-шығысында нөсер жаңбыр болжанады. Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аудандарда ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы 23-28 градусқа дейін төмендейді, алайда оңтүстік пен шығыс өңірлерде ыстық сақталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Қазақстанда 26 маусымда жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы, желдің екпінді күшеюі және шаңды дауылдар тұруы ықтимал. Елдің солтүстік-шығысында нөсер жаңбыр болжанады. Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аудандарда ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы 23-28 градусқа дейін төмендейді, алайда оңтүстік пен шығыс өңірлерде ыстық сақталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана - көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы түнде секундына 2-7, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 30-32 градус жылы.
Алматы - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 31-33 градус жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел шығыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 20-25 градус жылы.
Шымкент - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 36-38 градус жылы.
Ақмола облысы - түнде облыстың шығысында аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз облыстың батысында жаңбыр, күн күркіреуі, бұршақ, дауыл, облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14, түнде облыстың шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 27-32 градус жылы. Көкшетау - көшпелі бұлт шығады, күндіз аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел батыстан, солтүстік-батыстан түнде 3-8, күндіз 9-14 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 27-29 градус жылы.
Алматы облысы - күндіз облыстың тау бөктеріндегі және таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14, күндіз облыстың батысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың таулы аудандарында 8-13 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың солтүстігінде 38 градус, таулы аудандарда 20-25 градус жылы. Қонаев - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 жылы, күндіз 33-35 градус қатты ыстық.
Жетісу облысы - облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр, Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні 23-28, кей уақытта 30 метр және одан да көп. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың шығысында 23 градус жылы, таулы аудандарда ауа температурасы төмен болады. Талдықорған - күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17 жылы, күндіз 34-36 градус аптап ыстық.
Түркістан облысы - күндіз облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-шығыстан 8-13, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-24, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 16 градус жылы, күндіз 36-41 градус қатты ыстық, таулы аудандарда 30 градус жылы. Түркістан - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 22-24 жылы, күндіз 39-41 градус қатты ыстық.
Батыс Қазақстан облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз жаңбыр, күн күркіреуі, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 23-28, облыстың оңтүстігінде 31 градус жылы.Орал - көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр, күн күркіреуі, бұршақ, дауыл. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 25-27 градус жылы.
Атырау облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз жаңбыр, күн күркіреуі, облыстың шығысында кей уақытта нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-22, күндіз 25-30 градус жылы.Атырау - көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан 7-12, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 27-29 градус жылы.
Маңғыстау облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, күн күркіреуі, тұман, күндіз жаңбыр, күн күркіреуі, облыстың батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 9-14, күндіз облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-25, күндіз 28-33, облыстың батысында 25 градус жылы. Ақтау - көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-батыстан, батыстан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 25-27 градус жылы.
Қостанай облысы - таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, күн күркіреуі, бұршақ, дауыл. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 метр секунд. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 20, күндіз 25-30, оңтүстікте 33 градус жылы. Қостанай - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 28-30 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы - түнде жаңбыр, күн күркіреуі, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, күн күркіреуі, бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 14-19, күндіз 25-30 градус жылы. Петропавл - көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр, күн күркіреуі, бұршақ болады. Жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 25-27 градус жылы.
Павлодар облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 17-22 жылы, күндіз 31-36 градус қатты ыстық болады. Павлодар - көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 32-34 жылы.
Қарағанды облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғады, кейін оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 7-12, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың шығысында 11 жылы, күндіз 25-30 жылы, облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Қарағанды - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғады, кейін оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 27-29 жылы.
Ұлытау облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, кейін оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 7-12, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 25 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық болады. Жезқазған - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғады, кейін оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 32-34 жылы.
Шығыс Қазақстан облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсерлетіп, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың оңтүстігінде 20, облыстың шығысында 8 жылы, күндіз 26-31, облыстың солтүстігінде, шығысында 20 жылы. Өскемен - көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан 7-12, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 26-28 жылы.
Абай облысы - түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсерлетіп, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20 жылы, күндіз 27-32 жылы, облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Семей - көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан 7-12, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 28-30 жылы.
Қызылорда облысы - облыстың солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, кейін оңтүстікке ауысады, жылдамдығы секундына 6-11 метр. Ауа температурасы түнде 20-25, күндіз 33-38 жылы. Қызылорда - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз 36-38 жылы.
Жамбыл облысы - облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-24, облыстың таулы аудандарында 15 жылы, күндіз 33-38 градус қатты ыстық, облыстың таулы аудандарында 28 жылы болады. Тараз - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 35-37 жылы.