12 қазан 2019 09:20

Жаңбыр және сілбі қар. 12 қазанда ауа райы қандай болады?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: pixabay.com Сурет: pixabay.com

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, солтүстікте және орталықта түнде жаңбыр, сулы қар жауады. Оңтүстік және солтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде оңтүстікте аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.

Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында түнде 1-3 градусқа дейін аяз болады, Түркістан және күндіз Қызылорда облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, Жамбыл облысында тұман түседі.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, секундына 15-20 метрге дейін жел күшейеді, түнде тұман түседі.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, түнде Ақмола облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деген болжам бар.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Қарағанды облысында тұман түсіп, түнде және таңертең күн күркірейді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, секундына 15-20 метрге дейін жел күшейеді.

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети