25 қараша 2022 09:04

Жаңбыр, қар, боран. 25 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК 25 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" РМК 25 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, боран соғып, көктайғақ болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі, таулы аудандарда күші 15-20 м/с жел соғады.

Жетісу облысының таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.

Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с7

Астанада қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде кей уақытта қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-шығысында тұман.

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып күндіз екпіні 25 м/с.

Абай облысының басым бөлігінде қар жауады. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын болады. Облыстың шығысында көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан соғады облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні -15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде қатты қар, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады, облыстың шығысында қатты қар, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарындағы екпіні - 15-20 м/с.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети