Елімізде 5 маусымда тұрақсыз ауа райы сақталады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, сондай-ақ бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Тек Қазақстанның шығысы мен оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың оңтүстік-шығысында аптап ыстықтың беті қайтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 27-29 градус жылы.
Алматы - күн бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 27-29 градус жылы. Іле Алатау тауларында (Алматы қаласы Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, кей уақытта екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 17-22 градус жылы.
Шымкент - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 31-33 градус жылы.
Ақмола облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың батысында кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 11-16, күндіз 25-30, облыстың батысында 20 градус жылы. Көкшетау - күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 25-27 градус жылы.
Алматы облысы - түнде облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың таулы аудандарында 7-12 жылы, күндіз 27-32, таулы аудандарда 17-22 градус жылы. Қонаев - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 28-30 градус жылы.
Жетісу облысы - күндіз облыстың таулы аудандарында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыстан 9-14 м/с, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың шығысында 23, таулы аудандарда 10 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, таулы аудандарда 25 градус жылы.Талдықорған - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 30-32 градус жылы.
Түркістан облысы - облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 15-20, таулы аудандарда 12 жылы, күндіз 30-35, таулы аудандарда 25 градус жылы. Түркістан - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 32-34 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысы - облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 24-29 градус жылы. Орал - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 24-26 градус жылы.
Атырау облысы - жауын-шашынсыз. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 25-30 градус жылы.Атырау - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 26-28 градус жылы.
Маңғыстау облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 25-30, облыстың батысында 22 градус жылы. Ақтау - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 22-24 градус жылы.
Ақтөбе облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с, түнде оңтүстікте, орталықта, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 9-14, күндіз 18-23, облыстың батысында, оңтүстігінде 26 градус жылы.Ақтөбе - күн бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан 5-10 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 20-22 градус жылы.
Қостанай облысы - жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 16-21, облыстың шығысында, оңтүстігінде 24 градус жылы. Қостанай - бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 19-21 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы - түнде облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы түнде 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундсына 15-20 метр, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундсына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 25-30, облыстың батысында 20 градус жылы. Петропавл - бұлтты, түнде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы түнде секундсына 9-14 метр, күндіз 15-20, екпіні секундсына 25 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 25-27 градус жылы.
Павлодар облысы - облыстың батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан секундсына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 29-34 градус жылы. Павлодар - айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундсына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 31-33 градус жылы.
Қарағанды облысы - облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан 7-12, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундсына 15-18 метр болады. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың оңтүстігінде 21, күндіз 26-31 градус жылы. Қарағанды - айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан секундсына 7-12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 27-29 градус жылы.
Ұлытау облысы - күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундсына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 25-30, облыстың солтүстігінде 22 градус жылы. Жезқазған - айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундсына 15-18 метр болады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 25-27 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундсына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында 10, күндіз 28-33, облыстың шығысында 23 градус жылы. Өскемен - айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундсына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 30-32 градус жылы.
Абай облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундсына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың батысында 12 градус жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық болады. Семей - айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундсына 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 31-33 градус жылы.
Қызылорда облысы - күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай, дауыл, шаңды дауыл болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14, облыстың солтүстігінде, орталығында секундсына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 27-32 градус жылы. Қызылорда - айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан секундсына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 29-31 градус жылы.
Жамбыл облысы - таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың таулы аудандарында секундсына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 16-21, облыстың таулы аудандарында 11, күндіз 29-34, облыстың таулы аудандарында 26 градус жылы. Тараз - айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундсына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 30-32 градус жылы.