Жанжал шықты - Алматыда жоғалып табылған 17 жастағы қыздың анасы

16 Ақпан 2018, 15:43
0
Жанжал шықты - Алматыда жоғалып табылған 17 жастағы қыздың анасы -

Алматыда жоғалып кеткен 17 жастағы Тамина Эльдарованың анасы қызының жоғалып кетуіне не себеп болғанын айтып берді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қыздың анасы хабарлады.

"Осы күндер бойы қызым алыс туыстарымыздың үйінде болыпты. Алматыда ол сіңілімнің үйінде тұрған. Мен Меркеде тұрамын. Тамина әпкесімен жанжалдасып, туыстарға кетіп қалған. Қазіргі кезде оған қауіп қатер жоқ, денсаулығы дұрыс. Жоғарғы оқу орнының ректоры Талғат Нұрғожинға, Медеу аудандық ІІБ тергеушісіне қызымды іздеп табуға көмектескені үшін алғыс білдіргім келеді. Қызым жоқ болған төрт күн бойы көз ілмедім. Бүгін ұйықтайтын шығармын", - дейді ол. 

Әйел адам Таминаның үйдің кенжесі екенін және одан басқа отбасында тағы үш бала барын айтады. Оларда Алматыда оқу оқып, жұмыс істейді екен. 

"Осы жағдайдан кейін қызымды алып кетемін, өзім тәрбиелеймін", - деді қыздың анасы. 

Еске салайық, Алматыда жоғалып кеткен 17 жастағы Тамина Эльдарова табылғаны туралы хабар тарады. 

"Қызым табылды. Бірақ оны әлі көрген жоқпын, оған енді бара жатырмын. Барлығы дұрыс", - дейді әйел.


Азиз Мамедов жолдаған сурет

Қыздың жігіті Азиз Мамедовтың айтуынша, ол Таминаны соңғы рет Горный Гигант жақтан Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің корпусы жақтан көрген екен. Айта кетейік, қыз 1-курста оқиды. 

Ал Таминаның құрбыларының айтуынша, ол корпустан шамамен сағат 14.00-де шығып кетіп, сол күйі үйіне бармаған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай