05 желтоқсан 2016 17:26

Жанжалдасқан автобус жүргізушісі мен кондукторды қар тазалатып қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматыда жанжалдасқан автобус жүргізушісі мен кондукторын жазалады. Оларға қар тазалатып қойғаны белгілі болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Green Bus Company" ЖШС директоры Бауыржан Кулишев айтып берді.


Алматыда жанжалдасқан автобус жүргізушісі мен кондукторын жазалады. Оларға қар тазалатып қойғаны белгілі болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Green Bus Company" ЖШС директоры Бауыржан Кулишев айтып берді.

Еске салайық, оқиға Рысқұлов пен Немирович-Данченко көшелерінің қиылысында 23 қарашада болған. "Біздің автобусты тағы бір автобус озып өтіп, адамдарды өзінікіне отыруын сұрады. Осы кезде тағы бір №38 бағытында жүретін автобус келді. Үш автобус жүргізушілері жанжалдасты. Видеода барлығы бар. Меніңше барлығы №38 бағытында жүретін автобустар (...). Осының барлығы 10-12 минутқа созылды. Бір автобустан екінші автобусқа жолаушылар отыра бастады (...), кондуктор жолаушыларға тисе бастады, сосын бір қызбен жұдырықтасуға дейін барды. Мен ол кондукторды шетке қарай алып кеттім",  - деді куәгер.

Бауыржан Кулишевтің айтуынша, төбелескен жүргізушілер автопарктің ауласын үш күн бойы қардан тазалайды. 

Сонымен қатар, "Green Bus Company" ЖШС басшысы, №121 бағытында жүретін автобус кептелістен шығу үшін қарсы жолға шыққан жүргізуші жұмыстан босатылатын айтады. Еске салайық, Алматыда куәгер қоғамдық көлік жүргізушісінің ережені өрескел бұзған сәтін видеоға түсіріп алды. Видеоға Сәтбаев көшесімен №121 бағытындағы автобустың Достық даңғылына дейінгі тұрған кептелісті айналып өту үшін, қарсы жолға шыққан сәті түсіп қалған. Бұл жағдайды видеоға түсірушілер "автобустардың бассыздығы" деп атады. 

Ескерту, бейәдеп сөздер айтылады!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети