19 шілде 2016 17:26

Жансақтау бөлімінде қайтыс болған полицей атқышты патрульдік көлікпен қуған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимур Бегасылов Тимур Бегасылов

Жедел жәрдем ауруханасында қайтыс болған полицей туралы ақпарат анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тимур Бегасылов ертеректе қайтыс болған полиция капитаны Бауыржан Нұрмаханбетовтың серігі болған.


Жедел жәрдем ауруханасында қайтыс болған полицей туралы ақпарат анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тимур Бегасылов ертеректе қайтыс болған полиция капитаны Бауыржан Нұрмаханбетовтың серігі болған.

Шабуыл кезінде, екі полицей де патрульдік көлікте Төле би көшесінің солтүстігінде Абылай хан көшесінің бойында тұрған. Ертеректе ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осы жерде болған оқиғаны толығымен айтып берген. Оның айтуынша, осы оқиғаға дейін атқыш ҰҚКД ғимаратында болып, "Лада" автокөлігінің жүргізушісін қорқытып, Шевченко көшесімен Абылай хан даңғылына дейін жүруді бұйырған. "Бір кезде жүргізуші әдейі бағдаршамның қызыл түсіне өткен. Мұны патрульдегілер көрген. Полициядағылар көлікті қысып тоқтатқан кезде Руслан Күлікбаев тағы да оқ атқан. Ол екі полицейді жаралаған, артынша жарақат алғанның біреуі қаза болды", - деді министр Қасымов.

Жараланған полицей Тимур Бегасылов болған, ал қайтыс болғаны ол Бауыржан Нұрмаханбетов. Содан кейін барып МКД ғимаратынан шығып қаскүнемді тоқтатпақ болған Аян Ғалиевке оқ атқан. Еске салайық, Аян Ғалиев те қайтыс болды. Кейін қылмыскер ұсталды.

Полиция лейтенанты Бегасылов Тимур Тілеуұлы құқық қорғау органдарында 2015 жылдың қаңтарынан бастап қызмет еткен. 7 күннен соң Бегасылов 30 жасқа толар еді.

Қайтыс болған азамат Алматы облысы Есік қаласының жанындағы Бөлек ауылында орта мектепті тәмамдаған. Тимур Бегасыловтың сыныптасының айтуынша, ол мейірімді және ілтипатты болған. "Ол үйінің кішісі болатын. Ол АӘД (Алғашқы әскери дайындық) кезінде взвод командирі болатын. Біз әрдайым мектепаралық АӘД жарыстарына барып, жеңімпаз болып қайтатынбыз. Ол әрдайым командир болатын, әскери спорттық жаттығуларды жақсы көретін. Біз сыныптастарымызбен тату болатынбыз", - дейді Алматы облысының тұрғыны Ольга Колдашова.

Еске сала кетейік, бүгін 13.45-те аурухананың жансақтау бөлімінде жол-патрульдік полициясының мамандандырылған батальоны қызметінің аға инспекторы полиция лейтенанты 25.07.1986 жылғы Тимур Бегасылов қайтыс болды. ЖМКА-ға полицей аса ауыр жағдайда түсті. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қалу үшін барын салып күресті.

Сондай-ақ, алматылық атқыштың терактіге дейін адам өлтіргендігі анықталды. ІІМ басшысының айтуынша, күдікті жезөкшені өлтірген. Бұрындары екі рет сотталған 1990 жылғы Руслан Күлікбаев құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен кек алғысы келген. Қазіргі кезде ол уақытша ұстау изоляторында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети