Жансейіт Түймебаев: Әрбір этнос - Қазақстанның байлығы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© unikaz.asia © unikaz.asia

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары басшыларымен және облыстық этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен кездесу жиыны өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары басшыларымен және облыстық этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен кездесу жиыны өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдегі мемлекеттік этносаясаттың жүргізілу барысымен танысып, қатысушылардың  ұсыныс, пікірлерін тыңдаған аймақ басшысы алдағы кезеңдерде облыстың өсіп-өркендеуі жолындағы жұмыстарды бірлесе жүзеге асыру жайын айтты.

"Әрбір этнос біздің байлығымыз. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы қазынаның қорғаны. Аталған ұйымның жұмысын шетелдерден келіп үйреніп, тәжірибе алмасып, өз пайдаларына  жаратып жатқан мемлекеттер бар. Қиын қыстау кезеңде қазақ халқы жер аударып келген түрлі этностарды бауырына басты. Бүгінде біз бір ел - бір халық болып, бір мақсатта жұмыс атқарып келеміз", -деді Ж.Түймебаев.

Жиын барысында Төраға орынбасары биылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚХА енгізілген  жаңа функционалдық бағыттар бойынша яғни, қайырымдылықты үйлестіру,  қоғамдық келісім кеңестері мен аналар кеңестерінің қызметі және медиация желісін дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстарды баяндады.

"Ассамблея филиалдарын аудандардан ашу алғаш Оңтүстікте қолға алынды. Бүгінде бұл жұмыстың тиімділігін ескерген ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы оңтүстікқазақстандық тәжірибені республиканың басқа өңірлерне енгізе бастады", - деді М.Қалмұратов.

Сонымен қатар, кездесуде бірқатар этномәдени бірлестіктердің төрағалары қазақстандық біртектілікті қалыптастыру сынды асыл міндетті іске асыруда жеткен жетістіктері мен оны әрі қарай дамыту бойынша атқарылатын жұмыстарды мәлімдеді. 

Бүгінде ұлысымыздың ұйытқысы атанған Оңтүстік өңірінде 100-ден астам түрлі этнос өкілдері өмір сүреді. Ал облыста 20 этномәдени бірлестігі жұмыс жасайды. Олардың аудандар мен қалаларда 51 филиалы мен 17 жастар қанаты, 11 жексенбілік мектептері бар. Өңірде жыл сайын әр этномәдени бірлестік өзінің тілі, мәдениеті және дәстүрі күндерін атап өтуде. Сонымен қатар, белсенді этнос өкілдері жыл сайын облыс әкімінің "Бауырмал" сыйлығымен марапатталуда.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro