25 қазан 2017 16:09

Жапонның NHK телерадиокомпаниясы Қазақстан мен Астана жайлы бағдарлама көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапонның NHK телерадиокомпаниясы Қазақстан мен Астана жайлы бағдарлама көрсетті.


Жапонның NHK телерадиокомпаниясы Қазақстан мен Астана жайлы бағдарлама көрсетті.

Жапондық NHK телерадиокомпаниясы өз көрермендеріне Қазақстан және "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі жайында 110 минуттық бағдарлама таратты.

Арнайы жобаның авторы, танымал жапон журналист - Окоши Кенсуке. Осы жылдың шілде айында Қазақстанға жапон телеарнасының түсірілім тобы келіп, еліміздің - Атырау, Қарағанды, Семей, Ақтау, Алматы және т.б облыстарына іссапармен барып қайтқан болатын.

Бұл жобада жапондық әріптестер мемлекетіміздің дамуы жайында, қазақстандықтардың тұрмыс-тіршілігін, мәдениеті мен салт-дәстүрін кеңінен көрсетті. Жапон журналистерінің айтуынша, бұл Қазақстан жайлы Жапон телевизиясы тарихындағы көрсетілген ең алғашқы да ауқымды бағдарлама.

Сондай-ақ жоба аясында, бағдарламаның тұтастай бір бөлігі QAZAQSTAN Республикалық телерадиокорпорациясының қызметіне арналған, әсіресе Ұлттық арнадағы өзгерістерді ерекше атап өткен. Жоба жетекшісі Окоши Кенсуке Астанаға өзі арнайы келіп, шығармашылық топпен бірқатар бағдарламалардың түсіріліміне қатысып, Басқарма төрағасы Ерлан Қариннен сұхбат алды. Жапон әріптестерді телерадиокорпорацияның жұмыс барысы, телеарнадағы өзгерістер, бірегей форматта шыққан жаңа да, тың жобалар тәнті етті.

Айта кетейік, бұл бастама NHK және QAZAQSTAN телерадиокорпорациялары арасындағы ынтымақтастық орнатудағы ең алғашқы қадам болмақшы.

Сонымен қатар, осы жылдың қазан айында телерадиокорпорацияның делегациясы Жапонияға іссапарға баруды жоспарлап отыр. Онда, Басқарма төрағасы Ерлан Қарин NHK телерадиокомпаниясының президенті Риочи Уедамен кездеседі.

Іссапар барысында жапондық әріптестермен қарым-қатынас орнатып, түсірілім алаңдарына барып, контент пен тәжірибе алмасу мүмкіндігін қарастырады.

NHK Жапон телерадиотарату корпорациясы жапондық және әлемдік ақпараттық кеңістікте жетекші БАҚ-ның бірі боп саналады. Телерадиокорпорация құрамында 8 аймақтық орталық және ел ішінде хабар тарататын 54 станция бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети