“Жарайсың, бәрекелді!“: арнайы жасақ қызметкері Алакөлдегі демалушыны ажалдан арашалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Жарайсың, бәрекелді!“: арнайы жасақ қызметкері Алакөлдегі демалушыны ажалдан арашалады Фото: polisia.kz

Алакөл жағалауында жылдам қимылдайтын арнайы жасағының (СОБР) қызметкері кенеттен есінен танып, тынысы тоқтап қалған жас жігітті аман алып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиға танымал демалыс базаларының бірінде патрульдеу кезінде болған. Полицейлер жағдайы кенеттен нашарлаған жас жігітті байқаған. Оның жағдайы тез арада нашарлап, тыныс алуы қиындаған.

Абай облысы Полиция департаменті ЖҚАЖ аға инспекторы Асланбек Әбділдинов уақыт жоғалтпастан бірден алғашқы көмек көрсетуге кіріскен. Тәртіп сақшысының дер кезінде жасаған әрекетінің арқасында жас жігіт қайта тыныс ала бастады.

"Жарайсың, бәрекелді!" - деді полицей зардап шегушінің есін жиғанына көз жеткізіп.

Осыдан кейін ЖҚАЖ қызметкері жас жігітті бүйіріне жатқызып, дәрігерлер келгенше оның жағдайын бақылап отырған. Сонымен қатар арнайы бөліністің басқа қызметкерлері жедел жәрдем көлігін күтіп алып, медицина мамандарына оқиға орнына баратын ең қысқа жолды көрсеткен. Жас жігіт медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта ол өзін жақсы сезінеді, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +33
Ақтау +30
Ақтөбе +29
Атырау +31
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +33
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +27
П
Павлодар +23
Петропавл +33
С
Семей +31
Т
Талдықорған +35
Тараз +39
Түркістан +27
О
Орал +29
Ө
Өскемен +37
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер