Жаслан Мәдиев цифрлық даму бірінші вице-министрі қызметінен босатылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаслан Мәдиев цифрлық даму бірінші вице-министрі қызметінен босатылды

Жаслан Мәдиев Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы "Альянс Банк" АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.

2007-2018 жылдары "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "Қазақстанның даму банкі" АҚ, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ компанияларының құрылымдарында жұмыс істеді.

2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.

2020-2022 жылдары – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.

2022 жылғы қаңтардан бастап ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып қызмет еткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +33
Астана +30
Ақтау +34
Ақтөбе +36
Атырау +33
Б
Балқаш +37
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +35
Қ
Қостанай +42
Қызылорда +28
П
Павлодар +32
Петропавл +27
С
Семей +35
Т
Талдықорған +36
Тараз +41
Түркістан +31
О
Орал +27
Ө
Өскемен +38
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер