Жасөспірім қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген азаматша жазаланды

22 Шілде 2014, 21:05
0
Жасөспірім қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген азаматша жазаланды - Иллюстрация tengrinews ©
Иллюстрация tengrinews ©

Астанада кәмелетке толмаған қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген азаматша жазаланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" ауданының прокуратурасына сілтеме жасап. 

"2013 жылдың желтоқсан айынан 2014 жылдың ақпан айына дейін Астана қаласының тұрғыны А. есімді азаматша 13 және 16 жасар қыздарды олардың кәмелет жасына толмағанын біле тұра, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Жасөспірім қыздар Астана қаласында сауналарда интимдік қызмет көрсеткен. А. есімді азаматша жасөспірім қыздарды көлікпен әкеліп, олар қызметін көрсеткеннен кейін, тапсырыс берушілердің ақшасын өзі алып отырған", - делінген хабарламада. 

Жәбірленуші қыздар бірнеше рет айналысып отырған істерін тоқтатпақшы болған, алайда сотталушы тұрақты табыс көзінен айырылғысы келмей, оларды қорқытып, жезөкшелікпен айналасуға мәжбүрлеген және оларды 2,5 айдан астам уақыт бойы пәтерлерде қинап ұстаған.

Аталған факті бойынша қозғалған қылмыстық іс Алматы аудандық прокуратурасымен бақылауға алынып, қарау үшін сотқа жолданған. "Астана қаласының ауданаралық кәмелет жасына толмағандар істері жөніндегі сотының үкімімен азаматша А. ҚР Қылмыстық кодексінің 132-1 бабының 2 бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру, алу, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау бабы бойынша) айыпты деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды", - делінген таратылған баспасөз парағында.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай