Жасөспірімдерге ата-анасының рұқсатынсыз әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салу ұсынылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Svitppt.com.ua © Svitppt.com.ua

"Ақ жол" фракциясының депутаты үкіметтен 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Ақ жол" фракциясының депутаты үкіметтен 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеңес Әбсәтіров кеңейтілген отырыс барысында Халықаралық балалар күнінде балаларға қатысты мәселелерді көтеру керек екенін айтты.

"Еліміздің "Балалардық құқығы туралы" Заңының 36-бабы 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы әлеуметтік, ақпараттық, үгіт, насихаттың кері әсерінен сақтау керек. Осыған байланысты балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік желілерден қорғауымыз керек. Мысалы, 2015 жылдың соңында суицидті насихаттауға арналған парақшаларға қазақстандық 1863 жасөспірімнің тіркелгені анықталды. Халықаралық ұйымның мәліметінше, Қазақстан 10 жылдан бері жасөспірімдер арасындағы суицид жөнінен әлемдегі алғашқы үш елдің қатарына кіреді", - деді Әбсәтіров.

"ЮНИСЕФ-тің 2013-2014 жылдарға арналған есебінде Қазақстанда бірнеше жыл бойы жасөспірімдердің өліміне негізгі себеп суицид болып отырғаны айтылады. Бұған әлеуметтік желілерге еркін кіру, Интернеттен суицид туралы ақпараттарды оңай алуға мүмкіндіктің болуы себеп. Жақында ғана Алматының аудандық соты осы бағытта насихат жүргізетін екі парақшаны жапты", - деді депутат.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілердің тағы бір қаупі - терроризм, радикалдық ұйымдарды насихаттау.

"Осы деректердің барлығы жаңадан өсіп келе жатқан балалардың денсаулығына психологиялық, физикалық тұрғыда, кейде өміріне де әсер етеді", - деді ол.

Ол бұл мәселелерді шешу үшін еуропа елдерінің тәжірибесіне сүйену керек екенін айтты. "Ақпарат құралдарында Еуропарламенттің 2017 жылдан бастап 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерге ата-анасының рұқсатынсыз тіркелуге тыйым салу мәселесінің талқыланып жатқаны жазылып жатыр. Сонымне қатар, eMarket компаниясы 11 жастан кіші әрбір бесінші баланың  Facebook парақшасы бар екенін хабарлады. Еуроодақтың қаулысына сәйкес компаниялар балаларға ата-анасының рұқсатынсыз әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салу жүйесін ойластыруы тиіс. Мұндай шара айтылған мәселелерді шешуге көмектеседі деп ойлаймын. "Ақ жол" фракциясы әлеуметтік желілерге салынатын мұндай шектеуді Қазақстанда да енгізуді сұрайды", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer