29 қаңтар 2014 10:38

Жасөспірімнің өліміне қатысы бар төрт күдікті босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жетінші арна" кадры "Жетінші арна" кадры

Шымкентте 16 жастағы Рамазан Лесбековтің өліміне күдікті төрт адам тұтқыннан босатылды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Жетінші арна" тілшілеріне сілтеме жасап. Прокурорлар Шымкенттегі атысқа қатысы бар делінген адамдардан айыпты алып тастады. Тұтқында бір жігіт қана қалды, тергеудің жорамалы бойынша, адамға тиген оқты сол атқан. Қайтыс болған жасөспірімнің атасы - Лесбек Райымбековтің пікірінше, қалған күдіктілер заңсыз босатылып отыр. Рамазанның туыстары енді Бас прокуратураға шағымданбақшы. Еске сала кетейік, қайғылы оқиға қаңтардың 13-і күні болған еді. Шымкент көшелерінің бірінде Рамазан Лесбеков пен оның танысына аңшы мылтығының бытыралары тиген. Оқ көшеден өтіп бара жатқан Toyota Carina көлігінен атылған. Жүрегі мен өкпе тұсынан жараланған жасөспірім екі сағаттан соң қайтыс болды. Кейін қылмыскерлердің Рамазанның танысына оқ атқаны белгілі болды. Жасөспірім кездейсоқ оққа ұшқан. Бұл оқиға бойынша "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Шымкент пен Тараз қалаларында бірнеше күдікті ұсталды. Рамазанның өмірін қиған қару әлі табылған жоқ. Полиция тергеу мүддесін алға тартып, өзге күдіктілердің тұтқыннан не себепті босатылғаны жайлы түсінік бермей отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети