04 мамыр 2021 11:46

Жайықта балық қырылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: azh.kz Фото: azh.kz

Атырау облысы Бесікті ауылы маңындағы өзенде торта балығы қырылып жатыр. Әлеуметтік желілерде өлген балықтардың видеосы таралды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".


Атырау облысы Бесікті ауылы маңындағы өзенде торта балығы қырылып жатыр. Әлеуметтік желілерде өлген балықтардың видеосы таралды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Бесікті ауылы маңындағы ескі арнаға уылдырық шашатын балық жиналып, қырылып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл Жайықтағы су деңгейінің жоғарылауына байланысты.

"Соңғы екі жылда бұл жерде су мүлдем болған жоқ. Биыл Жайықтағы су деңгей сәл жоғары болды. Сондықтан арнаға су толды. Ағынмен торта балығы бірге келген. Егер бұрынғы жылдары ол уылдырық шашқаннан кейін қайтып кетсе, бұл жолы оттегі жетіспеушілігінен қырылып қалған", – деді баспасөз хатшысы Әсел Ищанова.

Оның айтуынша, оқиға болған жерге балық инспекторлары мен құқық қорғау органдары қызметкері тексеру жүргізген. Су қоймасы бөгеліп, тірі қалған торта балықтары Жайыққа ауыстырылған. 

Мамандар үш тоннаға жуық балықты таза суға ауыстырған. Алдын ала есептеулер бойынша 471 келі торта балығы қырылып қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети