31 қаңтар 2024 15:55

Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сотты ашық өткізу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: qamqor.gov.kz, видео кадры Фото: qamqor.gov.kz, видео кадры

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адамды тез арада тауып, іс бойынша ашық сот отырысын өткізу ұсынылды. Бұл туралы 31 қаңтарда Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адамды тез арада тауып, іс бойынша ашық сот отырысын өткізу ұсынылды. Бұл туралы 31 қаңтарда Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісмен соңғы кездері елімізде "заңды бұзып, ойына келгенін істейтіндер көбейіп кеткенін" атап өтті. Депутаттың айтуынша, жуырда ғана Қарағандыда болған оқиға соның айқын дәлелі.

"Түнде өз міндетін адал атқарған жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соғу - ақылсыздық. Құқықбұзушы Нұрболат Дакебаевтың іс-әрекеті - бұл жай ғана қылмыс емес, бүкіл қоғамға, заң мен тәртіпке ашық қарсылық. Видеоға түсіріп жатқанын білсе де, жұдырығын көтеріп, соққыға жықты. Куәгерлердің көзінше, бір жасар сәбиге көмекке келген медицина қызметкерлерін соққыға жығуы қандай сұмдық? Бұл олардың қарапайым халықты ұрып-соғудан тайынбайтындығы", - деді мәжілісмен.

Бұл ретте депутат елімізде мұндай оқиғалардың жеткілікті екенін қосты. Ол бұған дейін парламентшілер дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қорғаудың ерекше мәртебесін бекітуді бірнеше рет ұсынғанын атап өтті.

Осыған байланысты мәжілісмен келесі шараларды қабылдауды ұсынды:

  • құқық қорғау органдары қылмыс жасаған Дәкебаевты табуы керек;
  • Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сот ісін ашық түрде жүргізіп, қатаң жаза тағайындап, оның барысы мен нәтижелерін БАҚ арқылы бүкіл халыққа жеткізу;
  • соңғы уақытта адамның жеке басына қауіп төндіретін, тіпті оның өмірін қиатын қылмыстар көбейген. Сондықтан қоғамда кез келген қылмысқа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруымыз керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети