10 қазан 2018 19:52

Жедел жәрдем қызметкері өзін соққыға жыққан Түркия азаматына кешірім берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/andrey.didenko.33 © facebook.com/andrey.didenko.33

Алматыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі Николай Кучма Түркия азаматы Әли Демирге кешірім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі Николай Кучма Түркия азаматы Әли Демирге кешірім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Кучма Николай Григорьевичке айыпталушы Түркия азаматы Демир Эбузер Әли тарапынан істеген әрекеті үшін шын жүректен кешірім сұрап және заңсыз әрекетке баруына қандай жағдайлардың сеп болғанын түсіндірді. Айыпталушы бірнеше рет бір жағынан егде жастағы кісіні, бір жағынан жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққанын жігіттікке жатпайтын қылық екенін де мойындады", - деп жазды адвокат Андрей Диденко Facebook желісіндегі парақшасында. 

Зардап шеккен жүргізуші кешірім берді. 

Сондай-ақ, Түркия азаматы барлық жедел жәрдем қызметінің мамандарынан және қазақстандықтардан кешіріп сұрады. 

Айыпталушының әйелі мен емшектегі баласының бар екені назарға алынды. Айыпталушы моральдық және материалдық залалды қаржылай өтемақымен өтеді. Қос тарап сомманы жарияламауды сұрады. 

Адвокат мәліметінше, екі тарап мәмілеге келген және Николай Кучма Алмалы аудандық соты мен Алмалы аудандық прокуратурасына айыпталушыны қылмыстық жазадан босату туралы жазбаша түрде арыз жазды. 

Соңғы сөзді сот шығаратын болады.

Осыған дейін, Николай Кучманың оған Әли Демирдің адвокаты хабарласып, емінің ақшасын төлеп беруді ұсынғанын айтқан еді.

"Иә, оның кешірім сұраған видеосы жайлы естідім. Оның адвокаты менің адвокатыма хабарласып, кешірім сұрағысы келетінін және емнің ақшасын өтеп бергісі келетінін айтқан. Мен әзірше кешірім бермеймін, жағдайым онша емес. Әлі бір аптадай ауруханада боламын.

Бұл істі сотқа дейін жеткіземін. Өзімде барлығы бар, ешқандай материалдық көмек керек емес. Сот барлығын шешеді, адвокат моралдық және физикалық залалды есептейді. Сот не шешсе, сол болады", - деді жедел жәрдем жүргізушісі Николай Кучма.

Осыған дейін жүргізушіні ұрған Түркия азаматы кешірім сұраған болатын. Видеода ер адам өзін таныстырып, 18 қыркүйекте болған бұл жайтқа байланысты бүкіл қазақстандықтан және жедел жәрдем жүргізушісінен кешірім сұрады. Сонымен қатар, ол оқиға болған күні күйзелісте болғанын, оған 16 қыркүйекте ұрланған көлігі себеп екенін айтады. Әйелі және 5 айлық қызы бар екенін айтып, қоғамнан түсіністік танытуды сұрайды.

Еске сала кетейік, мұның алдында Алматыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққаны жайлы хабарланған еді. Полиция өкілдері ер адамның ұсталғанын және жауапкершілікке тартылатынын айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети