31 наурыз 2023 08:36

Жел және жаңбыр: 31 наурызға арналған ауа райы болжамы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

"Қазгидромет" 31 наурызда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" 31 наурызда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұмада Астанада аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел түнде 3-8, күндіз 7-12 м/с екпінмен соғады. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан екпіні 3-8 жел соғады, күндіз екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 10-12 граудс жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 8-13, күндіз екпіні секундына 17-22 метр болады. Ауа температурасы түнде 10-12 градус, күндіз 21-23 градус жылы.

Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады.

Оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында жауын-шашын, кейде нөсер болады (жаңбыр, қар). Солтүстік-шығыстан екпіні 9-14 жел соғады, солтүстікте, шығыста, облыстың таулы аймақтарында екпіні секундына 17-22 метр, кей жерлерде секундына 30 метр және одан да көп болады.

Оңтүстікте, Жетісу облысының таулы аймақтарында жауын-шашын, кейде нөсер болады (жаңбыр, қар). Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр, солтүстікте, шығыста, облыстың таулы аймақтарында секундына 17-22, кей жерлерде 30 метр және одан да көп жел соғады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр жауады. Шығыстан жел соғады, солтүстік-шығыстан 8-13, түнде солтүстікте, таулы аймақтарда, күндіз облыстың басым бөлігінде 17-22, күндіз таулы аймақтарда екпіні секундына 28 метрге жетеді

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, облыстың батысында, солтүстік-батысында нөсер болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады секундына 9-14 метр, облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8 градус, күндіз 10-15 градус жылы

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан 9-14, түнде облыстың батысында, күндіз оңтүстікте, облыс орталығында секундына 15-20 метр болады.

Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын жауады (көбінесе көктайғақ). Жел солтүстік-батыстан, солтүстікте 9-14, солтүстікте, оңтүстікте, облыс орталығында 15-20, екпіні 23-28, кейде секундына 30 метр және одан да көп болады.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында 15-20, екпіні секундына 23-28 метр, күндіз облыстың солтүстік-шығысында кей жерлерде секундына 30 метр және одан да көп жел соғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети