30 сәуір 2021 15:26

Желі қолданушылары "Алматы жастары" сайтына шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Желі қолданушылары "Алматы жастары" тұрғын үй алу бағдарламасы сайтындағы іркілістерге шағымданды. Олар конкурс нәтижелері жарияланған күні сайтқа кіру қиындағанын айтты. Әкімдік өкілдері жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы жастары" ресми сайтына кіру кезінде іркіліс пайда болғаны айтылды.

Алматыдағы әкімдік өкілдері жүйеде техникалық ақау болғанын айтты.

"Мамандар ақауды жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Сайтқа бірнеше мың пайдаланушы кірген кезде сайт істен шықпауы үшін қуат пен жылдамдық қосылып жатыр. Сайттың жұмысы жақын арада жаңартылады", - деді ведомство өкілдері.

"Алматы жастары" - жастарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы. Оның ерекшелігі төмен пайыздық мөлшерлемесінде: он миллион теңгеге дейінгі қарыз жылдық бес пайыз жеңілдік мөлшерінде беріледі. Бағдарлама бойынша несиені қайтару мерзімі қарыз алушының төлем қабілеттілігіне қарай жеке есептеледі және үш жылдан 25 жылға дейін созылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети