06 ақпан 2023 09:27

Желіде Астана полицейлері түсірілген видео талқыланып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Қазнетте Астана полицейлері түсірілген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазнетте Астана полицейлері түсірілген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда тұрғыны полицейлер түсірілген видеолар топтамасын түсіріп, жариялады. Кадр сыртындағы қыз наразылығын білдерген, оның пікірінше, "құқық қорғау органдарының азаматтарға деген қарым-қатынасы сұмдық".

"Уәлиханов көшесі, 23/1, мешітке қарама-қарсы. Адамдарға қатысты сұмдық қарым-қатынас. Жағдай мынадай: ер адам бөтеннің көлігін есігімен сырып алған (байқаусыз). Қоңырау бойынша жағдайды анықтауға полиция қызметкерлері келіп, адамды көлігіне күштеп отырғызуға тырысты. Кінәлі адам өзінің әрекетін жоққа шығармады, бірақ олар оны тыңдап, бұл мәселені мәдениетті түрде шешуі керек еді. Өйткені, бұлар құқық қорғау органдарының қызметкерлері ғой... Ер адам бұған ешқандай қарсылық көрсеткен жоқ, тек "өтінемін" деп түсіндіруге рұқсат беруді сұрады", - дейді автор.

Екінші видеода полицейлердің бірінің ер адамға қалай физикалық күш қолданғаны анық көрсетілген. Видеодағы тұншықтыру әдісіне ұқсайды.

Кейін әлеуметтік желіде елордалық ПД пікірі пайда болды. Тәртіп сақшылары құқықбұзушы мас болғанын және қарсылық көрсеткенін айтты.

"Биыл 5 ақпанда тұрғындардан үйдің ауласында автокөліктің зақымдануы туралы өтініш түскен. Полиция қызметкері келгенде ер адам мас күйіде болған және бағынбаған. Оны ұстау үшін құқықбұзушыға күш қолданылған.

Құқықбұзушы ұсталып, Астана қаласының медициналық-әлеуметтік оңалту орталығына жеткізілді. Сараптама қорытындысы бойынша құқықбұзушы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді полициядағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.14   490.7   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети