19 тамыз 2020 09:06

Желіде балаларды жаппай ауруханаға жатқызу туралы фейк тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желі мен мессенджерде тағы бір фейк ақпарат тарағанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желі мен мессенджерде тағы бір фейк ақпарат тарағанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Хабарламада суды әдейі улау, вирусолог дәрігерлерді арнайы қонақүйлерге жатқызу және балаларды емдеу үшін арнайы хаттама толтырылып, оларды аурухана мен жансақтау бөліміне жаппай жатқызу туралы айтылған. 

"Әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы судың улануы, вирусолог дәрігерлерді арнайы қонақ үйлерге қоныстандыру, балаларды емдеу және ауруханаларға жаппай қабылдау және реанимация туралы арнайы хаттама дайындау туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген ДСМ хабарламасында. 

Министрлік азаматтарды осындай арандатуларға бармауға және мемлекеттік органдардың ресми парақшаларында жарияланатын ақпаратқа ғана сенуге шақырды. 

"Денсаулық сақтау министрлігі барлық қабылданған шешім, оның ішінде бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулылары және коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу хаттамаларындағы өзгерістер туралы азаматтарды барынша жедел хабардар етеді. Барлық ақпарат ашық", - дейді министрлік өкілдері. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети