27 ақпан 2021 13:02

Желіде Бас прокуратураның жалған қаулысы тарап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ҚР Бас прокуратурасының фейк қаулысы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ҚР Бас прокуратурасының фейк қаулысы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатта қазақстандықтар Ресейде есепке қойылған көлігін ҚР аумағында бас сенімхатсыз жүргізуге тыйым салынатыны жазылған. ҚР Бас прокуратурасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Желіде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бас сенімхатсыз ресейлік автокөлікті басқаруға тыйым салу туралы қаулысы тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Бас прокурор бекіткен құқықтық актілердің мәтіні ресми сайтта жарияланған. Арандатушылыққа бой алдырмауды және тек ресми дереккөздерге сенулеріңізді сұраймыз", - делінген ҚР Бас прокуратурасының ресми хабарламасында.

Stopfake.kz мәліметінше, фейк суретке мұқият қарағанда, онда орта мектептің мөрі қойылғанын байқауға болады. Сондай-ақ, мәтінде құжаттың ҚР ІІМ ресми сайтында жарияланғаны айтылған, бірақ онда ештеңе жоқ.

Құжатта жазылған "Әкімшілік рәсімдер туралы" заңда 60-бап жоқ, олардың саны 25 қана. Сондай-ақ, фейк мәтінінде грамматикалық және стилистикалық қателер көп.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети