Желіде бүйіріне “өлтірем“ деп жазылған сиырдың видеосы талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде бүйіріне “өлтірем“ деп жазылған сиырдың видеосы талқыланып жатыр Бейнеден алынған кадр

Жетісу облысында полицейлер тірі сиырдың үстіне бояумен қорқыту мағынасындағы жазу жазып кеткен белгісіз адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Жетісу облысында полицейлер тірі сиырдың үстіне бояумен қорқыту мағынасындағы жазу жазып кеткен белгісіз адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүйіріне "өлтіремін" деп жазылған жануардың видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Оқиға Ақсу ауданының Қызылағаш ауылында болғаны айтылды.

"Сиырым біреудің бақшасына кіріп кетсе керек. Не істейсің, мал - аузы жоқ мақұлық. Бірақ жануарды бұлай қорлауға кімнің дәті барды? Оның көзіне бояу құйып жіберген, әрең жуып тазаладым, ал бүйіріне "өлтіремін" деп үлкен қылып жазып қойған", - дейді видео авторы.

Жануарды осылайша жазалап, иесін қорқытпақ болған адам әзірге анықталған жоқ. Ауыл тұрғыны белгісіз адамның бұл әрекетінен жануарға қатыгездікпен қарау белгілерін көріп, Ақсу аудандық полициясына тиісті арыз түсірді.

Тәртіп сақшылары іздестіру шараларын бастап кетті, олар жағдайды толық анықтап, шара қолдануға уәде берді.

"Тексеру нәтижесі бойынша және оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті процестік шешім қабылданады", - деп хабарлады Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ведомство өкілдері кез келген жанжалды жағдайлар, соның ішінде барлық даулы мәселелер тек құқықтық аяда шешілуі тиіс екенін еске салды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Instagram-да Алматы облысындағы Түрген шатқалының маңында жол бойында жүрген зебраға ұқсас жануарлардың видеосы пайда болған еді. Кейінірек полиция "зебралардың" шын мәнінде ақ есектер болып шыққанын, оларды туристерді тарту үшін уақытша арнайы бояумен бояп, жол жиегіне жайып қойғанын айтты.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 486.51   567.34   6.86 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +32
Астана +29
Ақтау +20
Ақтөбе +18
Атырау +18
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +34
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +36
П
Павлодар +23
Петропавл +34
С
Семей +36
Т
Талдықорған +32
Тараз +35
Түркістан +13
О
Орал +30
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +34

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер