23 қазан 2022 17:52

Желіде есірткі қосылған тәтті туралы фейк ақпарат тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет Tengrinews.kz Көрнекі сурет Tengrinews.kz

Алматылықтар есірткі қосылған тәтті туралы жалған ақпарат таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылықтар есірткі қосылған тәтті туралы жалған ақпарат таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Whatsapp-та әйелдің алматылықтарға балабақшалар мен мектептердің маңында есірткі қосылған тәттілер таратылып жатқанын ескерткен фото және аудио хабарламасы тарады. Әйел тәттілердің құрамында есірткі бар деген болжам жасайды. Оның айтуынша, балалар тәттілерді жегеннен кейін, ауруханаларға түсіп, тіпті қаза тауып жатыр.

Алматы полициясының баспасөз қызметі өкілдері хабарламаға қатысты пікір білдірді.

"Алматы қалалық полиция департаменті өкілдері бұл жалған хабарлама екенін мәлімдейді.
Біз азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырамыз. Бұл әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети