1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Желіде Нұр-Сұлтанда "у шашып жатыр" деген жалған ақпарат тарады 03 тамыз 2021, 12:57

Мессенджерлерде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны түсірген видео тарап жатыр. Видеодан белгісіз сұйықтық құйылған цистерналары бар жүк көлігі мен
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Мессенджерлерде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны түсірген видео тарап жатыр. Видеодан белгісіз сұйықтық құйылған цистерналары бар жүк көлігі мен оның маңында адамдар жүргенін көруге болады. Тұрғынның айтуынша, олар "адамдарды өлтіру үшін у шашып жүр", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео авторы "цистерналарда у бар, ал масқа таққан жұмысшылар адамдарды өлтіру үшін улы химикаттарды әдейі шашып жүр" деп шағымданады.

Видеодан алынған

Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жоққа шығарды.

"Видеода масалар мен шыбын-шіркейді улау сәті түсірілген. Дезинсекциялық жұмыстар "Столичная дезинфекция" ЖШС қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасымен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Зиянкестерді жою жұмыстары кезінде дезинсекторлар адамдар, жануарлар мен өсімдіктер үшін мүлдем қауіпсіз ерітіндіні қолданады. Жұмыстар түнгі уақытта және таңертең жүргізіледі", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, елорда әкімдігі жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Бұған дейін Түркістан облысында "коронавирус шашылды" деп видео таратқан тұрғын ұсталғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram