Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Желіде Талдықорған әкімінің видеосы талқыланып жатыр 24 маусым 2022, 09:28

Бейсенбіде әлеуметтік желіде Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаевтың аспанға мылтық атқан видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

© instagram/taldykorganec.insta © instagram/taldykorganec.insta

Бейсенбіде әлеуметтік желіде Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаевтың аспанға мылтық атқан видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осылайша, әкім БАҚ өкілдерін келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтауды жөн көргені белгілі болды. Әкім журналистер мен блогерлерді демалуға шақырып, нысанға атудан жарыс ұйымдастырған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Видео жергілікті Instagram-пабликтерде тарап, талқыға түсті. Кейбір қолданушылар Масабаевтың бастамасын қолдаса, енді бірі әкімге маңыздырақ мәселелермен айналысу керек екенін айтқан.

Талдықорған әкімінің баспасөз қызметі жазба туралы айтып, Tengrinews тілшісіне жауап берді.

"Қала әкімі Әсет Масабаев БАҚ қызметкерлері арасында оқ атудан турнир өткізді. Бұл жерде сынайтындай ештеңе жоқ, БАҚ өкілдерінің демалысы. Әкім сонда барып, жергілікті журналистер мен блогерлерді құттықтады. Атыс арнайы аймақта өтті. Осындай іс-шаралар БАҚ-тың рухын, командалық күшін көтеру үшін қажет деп ойлаймын", - деп түсіндірді қала әкімінің баспасөз қызметі өкілдері видеоға қатысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram