16 ақпан 2022 11:26

Жемқорлық деректерін хабарлағандар қалай қорғалады? Антикор басшысы жауап берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Марат Ахметжанов Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деректерін хабарлағандарға қорғауды күшейту жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Марат Ахметжанов Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деректерін хабарлағандарға қорғауды күшейту жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлық деректерін хабарлағандарға қорғау жүйесін жетілдіру мәселесі Мәжілістің бірінші оқылымында қаралған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң жобасында жазылған.

"Бүгінде мемлекеттік қорғау тетіктері қылмыстық процеске қатысатын адамдарға қатысты көзделген. Ал сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамдар қылмыстық процеске тартылмауы мүмкін. Сонымен қатар, оларға қатысты зорлық-зомбылық немесе заңмен тыйым салынған басқа да әрекеттер туралы нақты қауіп төніп тұрған жағдайда ғана заң қолданылады. Мысалы, заңнамада мұндай адамдардың еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар көзделмеген, яғни жұмыста қудалануы да мүмкін", - деді Марат Ахметжанов.

Бұл мәселені шешу үшін заң жобасында еңбек қатынастары саласындағы хабар берушілердің құқықтарын қорғау, алқалы органның отырыстарында оларға қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы мәселені қарау мүмкіндігін белгілеу туралы жазылған. Заң жобасында шешім әділ, ашық болуы үшін міндетті түрде отырысқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілін шақыру ұсынылды.

"Екіншіден, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған тұлға туралы мәліметтерді құпия сақтау. Оны жариялағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы керек. Бұл шаралар ақпарат берген тұлғаның құқықтарын қорғауға кепілдік береді.

Бұл ұсыныстардан басқа, заң жобасында басқа да түзетулер көзделген. Осындай маңызды заң қабылдануы қоғам тарапынан қолдау табады деп санаймыз. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын тиімді іске асыруға ықпал ететініне сенімдіміз", - деді Ахметжанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети