"Жеңімпаздар" жобасына ардагерлердің хикаясын WhatsApp арқылы жіберуге болады

25 Ақпан 2015, 12:36
0
"Жеңімпаздар" жобасына ардагерлердің хикаясын WhatsApp арқылы жіберуге болады -

Tengrinews.kz сайтының "Жеңімпаздар" жобасына ардагерлердің оқиғасын WhatsApp мессенджері арқылы жіберуге болады.

Редакцияға әдейі таңдалған +7 70 09 05 1945 номерін "АЛТЕЛ" ұялы байланыс операторы ұсынып отыр. Оқиғаны жіберу кезінде ардагердің толық мәліметі, аты-жөні, туған күні, жылы, әскерге шақырылған жері, шені, жасақ түрі, сонымен қатар бірнеше суреті қыстырылуы тиіс.  

"Жеңімпаздар" жобасының шыққаны 2014 жылдың 9 мамырында жариялаған болатынбыз. Бірнеше айдың ішінде соғысқа қатысқандардың жүздеген туыстары мен жақындары хабарласты - олар біздің редакцияға 200-ден астам хат жолдады. Біздің мұрағат сағат сайын толығып отырады. Бір аптада бізге тағы да 70 анкета келіп түсті. Барлық оқиға соғыс жылдарындағы бейнет пен ерлік жайлы. 

90 жастан асқан ардагерлердің өз ұрпағына айтары бар. Атақты болуды көздемеген, бірақ өз халқына, отанына деген махаббаты мен оны қорғауға жанын пида еткен ардагерлердің видеожолдауын жазып алдық. Бұл - мәңгілікке жасалған үндеу. "Жеңімпаздар" жобасының қаһармандары өз сөзінде жас ұрпаққа байсалды әрі шыншыл болуға шақырады. Олар өскелең ұрпақтың спортпен айналысқанын, рухты жетілдіргенін қалайды. Ал ардагерлердің ең басты тілегі - елімізде соғыс болмаса екен деген. 

Жеңістің 70 жылдығын тойлауға шамамен екі ай уақыт қалды. Бұл оқиға лайықты түрде атап өтілуі тиіс. Біз әрбір қазақстандықты баға жетпес мұрағатты толтыруға шақырамыз. Сонымен қатар, сайтта "ардагер жайлы оқиғаны жіберу" қызметі бар, әрбір оқырман сілтемені басып, оқиға жібере алады. Бұл үшін аты-жөнін, қаһарманның шенін, жасақ түрін, сонымен қатар суреттерін арнайы формада жіберуі тиіс.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай