16 қараша 2020 09:32

"Жеңістің мәңгі қаһармандары" республикалық сурет байқауына қалай қатысуға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы "Алаш Медиа Групп" медиахолдингімен бірлесе отырып, Қазақстанның 7-18 аралығындағы жас суретшілеріне арналған шығармашылық байқау ұйымдастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы "Алаш Медиа Групп" медиахолдингімен бірлесе отырып, Қазақстанның 7-18 аралығындағы жас суретшілеріне арналған шығармашылық байқау ұйымдастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Ұлы Отан соғысы біздің халқымыз үшін үлкен сынақ болды. Жас ұрпақ әкелеріміз бен аталарымыз қаза тапқан, қасық қаны қалғанша сұм соғыс алаңдарында шайқасқан отандастырымызды, жанын аямай соғысқан ерлеріміз бен қаһармандарымыздың ерліктерін білуі керек.  

"Олардың ішінде қазіргі Қазақстан жерінің тумасы Рақымжан Қошқарбаев пен Ресей елінің өкілі Григорий Булатов ерлігін - жаудың Рейхстагына алғашқы болып ту тіккені жөнінде айтылуы керек. Бұл батырлардың есімі тарихта мәңгі қалады. Дегенмен, Рақымжан Қошқарбаевқа "Кеңес Одағының батыры" атағы берілмеді және бұл - соңғы 75 жыл талқыланып, шешімін таппай келе жатқан мәселе", - дейді ұйымдастырушылар.

Бұл байқауды ұйымдастыруға танымал қазақстандық-ресейлік режиссер Константин Харалампидистің идеясы себепкер болды. Ол 2020-2021 жж. Ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығы мен "Алаш Медиа Групп" медихолдингінің қолдауымен жарық көретін "Батыры Великой Отечественной: Рахимжан Кошкарбаев и Григорий Булатов" деректі фильмінің түсіріліміне орай жүзеге аспақ.

Байқау қатысушыларына Ұлы Отан Соғысының батырлары Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың өмірлері мен ерліктерін баяндап, шабыт алып, сурет салып, сипаттамасын жазу ұсынылған. Осылайша, әрбір қатысушы, қазіргі жастар маңызды тарихи оқиғаға қатысты өз ойларын шығармашылық арқылы білдіруге мүмкіндік алады.

    Жұмыстар 15 қараша мен 25 желтоқсан аралығында қабылданады. 

    Байқаудың ережесі:

    • Қатысушылардың жасы: 7-18 жас аралығында (7-10, 11-14, 15-18 жас санатына бөлінеді).
    • Жұмыстар үш бағытта қабылданады: Графика; Көркем сурет; Сандық көркем сурет.
    • Жұмыстардың қайталанбас және ерекше болуына назар аударыңыз.
    • Өлшем: еркін.
    • Ұйымдастырушыларға жіберілетін жұмыстар саны шектелмеген. Бір адам бірнеше сурет салып жібере алады.
    • Қатысу тегін.

    Байқауға қатысу үшін суретті салып, оны сандық форматқа (камераға түсіріп немесе сканерден өткізіп) айналдырып, жіберу қажет. 

    Байқауға жіберіп жатқан суреттің атын қатысушының Аты мен Жөніне өзгертуді ұмытпаңыз.  

    ✔ Байқауға жіберілетін суреттер JPEG немесе JPG форматында болуы керек. Салмағы 2 МБ кем емес (өте жоғары сапада). 

    ✔ Әрбір суретке 150 cөзден кем емес сипаттама жазу керек. Сипаттаманы интернеттен алуға, көшіруге қатаң тыйым салынады.

    ✔ Байқауға жіберілетін суреттер мен сипаттамасы байқаудың тақырыбына сай болуы керек. 

    ✔ Байқауға жіберілген суреттер арнайы осы байқауға дайындалып, тек бір адаммен салынып, байқауға қатысушының жеке туындысы болуы шарт. Суреттің үстіне жазу жазуға, басқа қағаздар жабыстыруға болмайды.

    Байқауға жұмысты жібере отыра, қатысушылар суреттердің авторы екендіктерін растайды. Қатысушы үшінші тұлғалардың зияткерлік құқықтарын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жауапкершілікке тартылады.   

    ✔ Суреттер осы байқауға арнайы салынып, басқа байқауларға қатыстырылмаған болуы керек. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде, ғаламтар аумағында ешқайда жүктелмеген болуы керек.

    ✔ Бір қатысушы бірнеше сурет жібере алады. Әр жұмыс бөлек жүктеліп, әрбір суретке бөлек сипаттама жазылуы керек.

    ✔ Байқауға жіберілетін суреттер жоғары сапада болғаны жөн, себебі фильмде пайдаланылып, ұйымдастырушылардың сайттарындағы фоторепортаждарда қолданылатын болады.

    Номинациялар:  

    • Рақымжан Қошқарбаев. Ұлы Отан соңысына дейінгі және кейінгі өмірі
    • Берлин үшін шайқас
    • Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов: Рейхстагты алу және жеңіс туын тігу ерліктері

    Суреттердің сипаттамасына қойылатын талаптар:

    • Кем дегенде 150 сөз;
    • Сипаттама салған суретке сай болып, суреттегі басты ойды жеткізуі керек;
    • Жазуда эмоционалды бейнелеу тілін қолдануға тырысыңыз.

    Жұмыстар тек электронды түрде ғана қабылданады. Байқауға жұмыстарды жіберу үшін мына сілтемені басып, сұранымды толтырып, суретті жүктеп, сипаттамасын жазыңыз.

    Сертфикаттар мен дипломдарды сайттан 2021 жылдың ақпан айында жүктеп алуға болады. Сонымен қатар, үздік жұмыстар режиссер Константин Харалампидистің "Батыры Великой Отечественной: Рахимжан Кошкарбаев и Григорий Булатов" деректі фильміне қосылады. Жоба қорытындысы бойынша келесідей сайттарда үздік жұмыстар қосылған ауқымды фоторепортаж ұйымдастырылады: www.tengrinews.kz, www.kaz.tengrinews.kz, www.massaget.kz.

    Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

    Читайте также
    Join Telegram

    Валюта бағамы

     444.26   490.7   4.83 

     

    Ауа райы

     

    Редакция Жарнама
    Социальные сети