Жер телімдерін кері қайтарып ала бастаймыз - Бектенов ірі аграрларға ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жер телімдерін кері қайтарып ала бастаймыз - Бектенов ірі аграрларға ескерту жасады Үкіметтің баспасөз қызметінің фотосы

Премьер-министр Олжас Бектенов ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жыл бойы жұмыспен қамтуды қамтамасыз етпесе, олардан жер телімдері кері қайтарып алынуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелеріне арналған кеңесте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Премьер-министр Олжас Бектенов ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жыл бойы жұмыспен қамтуды қамтамасыз етпесе, олардан жер телімдері кері қайтарып алынуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелеріне арналған кеңесте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кеңес Бектеновтің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өтті. Жиында егіс науқаны, мал шаруашылығын дамыту, сумен қамтамасыз ету және аграршыларды мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.

Премьер-министр ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын мал шаруашылығын дамытуға белсенді тарту қажет екені туралы айта келе, негізгі мәлімдемесін жасады.

"Кеңес жұмысына бизнес пен ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысып отырғанын пайдаланып, мына мәселеге тағы да назар аударғым келеді: ірі шаруашылықтар жыл бойғы жұмыспен қамтуды тұрақты жолға қоюы тиіс. Бұл – сіздерге қойылатын негізгі талаптардың бірі. Мемлекет қажетті қолдауды көрсетуде, бірақ ірі бизнес тарапынан да бірінші кезекте жыл бойғы жұмыспен қамту жөнінде қарсы міндеттемелер күтеді. Ашығын айтайын, егер осы бағытта тиісті шаралар қабылданбаса, біз сіздермен бірге бұдан әрі жұмыс істей алмаймыз, мұндай меншік иелерінен жер телімдерін кері қайтарып ала бастаймыз", - деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Үкіметте биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 23,8 миллион гектар алқапқа егілгені, бұл былтырғы көрсеткіштен 180 мың гектарға артық екені айтылды.

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Кеңесте суды ұтымды пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Үкімет деректеріне сәйкес, былтыр жекелеген шаруашылықтардың егіс құрылымын сақтамауы, әсіресе Түркістан және Қызылорда облыстарында су тұтынудың өсуіне әкелген.

Бектенов егістікті сумен қамтамасыз етуді бақылауда ұстауды, ылғалды көп қажет ететін дақылдар бойынша егіс құрылымының сақталуын қадағалауды, сондай-ақ мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық бақылау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.24   566.56   6.63 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +27
Ақтау +22
Ақтөбе +22
Атырау +28
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +31
П
Павлодар +24
Петропавл +32
С
Семей +25
Т
Талдықорған +27
Тараз +30
Түркістан +22
О
Орал +30
Ө
Өскемен +29
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер