30 сәуір 2019 19:26

Жерді қашықтықтан зондтайтын алғашқы қазақстандық спутникке 5 жыл толды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жерді қашықтықтан зондтайтын алғашқы қазақстандық спутникке 5 жыл толды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жерді қашықтықтан зондтайтын алғашқы қазақстандық спутникке 5 жыл толды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Осыдан тура 5 жыл бұрын 2014 жылы 30 сәуірде Куру ғарыш айлағынан (Гвиана, Франция) KazEOSat-1алғашқы қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) спутнигі ғарышқа ұшырылған болатын. ЖҚЗ ғарыш аппараты 3-ші тәулікте ғарыштан Қазақстанның алғашқы тестілік суреттерін жіберді. Ұшырылған сәттен бастап 5 жыл ішінде KazEOSat-1 спутнигі ғарыштан 678 129 сурет түсірді (әлем бойынша суретке түсірілген жалпы аумақ271 251 815 шаршы километрді құрайды)", - делінген хабарламада. 

KazEOSat-1 суреттерді Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары үшін және басқа елдерге сату үшін Жер бетін ғарыштан суретке түсіреді.

Аталған аппараттың кеңістік рұқсаттамасы - 1 метр 1 пиксельге тең. Спутник франциялық аэроғарыш Airbus Defence and Space концернімен арнайы Қазақстан үшін жасалған болатын.

Спутник күн-синхронды орбитасы бойымен қозғалады. Бұл дегеніңіз, ғарыш аппараты планетаның бір полюсінен басқа полюсіне қарай қозғалады дегенді білдіреді. KazEOSat-1спутнигінің радиокөру аймағы континентіміздің ауқымды территориясын қамтиды - Таймыр түбегінен Солтүстік Индияға дейін. Жалпы алғанда, аталған аппарат тәулігіне 14 мәрте айналады.

Ғарыш аппараты радиокөру аймағында үш күндік және үш түндік сеанс жасалады. Бір сеанстың ұзақтығы орташа есеппен 5-10 минутты құрайды. Осы уақыт аралығында спутникке көптеген бағдарламалық қомандалар беріледі, сондай-ақ аппарат арқылы жиналған ақпарат алып тасталады.

KazEOSat-1 Қазақстан Республикасының территориясын суретке түсіруге және "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ-на Жерді қашықтан зондтау қызметтерінің толық спектрін ұсынуға арналған, сонымен қатар мониторинг мақсатында Жердің басқа аймақтарын суретке түсіруге, табиғат апаттарының алдын алу, жер кадастрін жүргізу, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында картографиялау үшін пайладанылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети