Жеті хан жерленген Сарайшықтан Сталин туралы кітап табылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Жеті хан жерленген ежелгі Сарайшық қаласының орнынан Сталиннің өмірі баяндалған кітап табылды. Бұл туралы жергілікті журналист Нұргүл Ысмағұлова "Хан ордалы Сарайшық" мемориалды кешенінің директоры Молдаш Бердімұратовқа сілтеме жасап хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жеті хан жерленген ежелгі Сарайшық қаласының орнынан Сталиннің өмірі баяндалған кітап табылды. Бұл туралы жергілікті журналист Нұргүл Ысмағұлова "Хан ордалы Сарайшық" мемориалды кешенінің директоры Молдаш Бердімұратовқа сілтеме жасап хабарлады.

Қызыл түсті қалың кітап киізге оралған күйі топырақтың астынан шыққан. 1949 жылы Мәскеу баспасынан таралған кітаптың бірде-бір беті сарғаймай, сол күйінде сақталыпты. Кітаптың авторының кім екені көрсетілмеген.

Ақсақал туындының неліктен бұлай жасырылғанын тап басып айту қиын екенін жеткізді. "1953 жылдан кейін қарапайым халық сол кездегі саяси ахуалға, қуғын-сүргінге байланысты күдік тудырмас үшін көміп тастаған болуы керек. Болмаса, оның балалық шағынан бастап баяндалған жазбаны жанашырлықпен жасырған болуы мүмкін", - дейді Молдаш Бердімұратов.

Айта кетейік, қазіргі таңда Жайық суы шайып бара жатқан қаланы сақтап қалу үшін өзеннің жағасы бекітіліп жатыр. Бұған дейін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бұл жобаға 1,5 миллиард теңге бөлінгенін мәлімдеді. Жұмыс 2018 жылы аяқталуы тиіс. Сонымен қатар, биыл Мәдениет және спорт министрлігі Сарайшықты қалпына келтіру үшін 100 миллион теңге бөлетінін хабарлады. Шаһардың орнын туристік орталыққа айналдыру жоспарланған.

Көне қаланың орны Атырау қаласынан 45 шақырым жерде Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Алтын орданың саяси, экономикалық орталықтарының бірі болған қала Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы атанды. Жібек жолының бойында тұрған мұнда 7 хан жерленген. Олар: Мөңке, Тоқтағу, Жәнібек, Әмір Оқас, Қасым хан, Ших Мамай және Жүсіп хандар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer