19 қараша 2020 18:31

"Жетінші арна" жұлдыздары "Жұлдыз FM"-ді тікелей эфирде құттықтайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 қарашада "Жұлдыз FM" 6 жылдығын тойлайды. Ертең радиода 16 сағаттық LIVE-марафон өтеді, оған эстрада және кино жұлдыздары қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


20 қарашада "Жұлдыз FM" 6 жылдығын тойлайды. Ертең радиода 16 сағаттық LIVE-марафон өтеді, оған эстрада және кино жұлдыздары қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жұлдыз FM" мерейтойына арнайы сыйлықты "Жетінші арнаның" креатив командасы дайындап жатыр. Дәл 20:00-де "Жетінші арнаның" бас продюсері Азамат Атагелдиев радиостанция эфиріне эфиріне шығып, құтты болсын айтады. Сонымен бірге студияда танымал ситкомдардың жұлдыздары қонақ болады – Ақбота Нұр-Сейтмағамбет ("Тақиясыз періште"), Мереке Калбаева ("Тек қана қыздар"), Мадина Оспан ("Гу-гу-лет!", "Ұлы Дала Жаңұясы"). Тыңдармандар қонақтарға сұрақ қойып, "Жетінші арнаның" арнайы сыйлығын ұтып ала алады.

"Жетінші арнаның" жұлдызды эфирі бір сағат болады. Трансляцияны Tengri TV YouTube-арнасынан көріп, "Жұлдыз FM"-ді тыңдауға болады. Танымал ситкомдардың жұлдыздарымен бірге сүйікті радиоңызды құттықтауды ұмытпаңыз.

"Жұлдыз FM" алты жылдығына орай ұйымдастырылған радиомарафон осы жұмада, 20 қарашада өтеді. Таңғы 8-ден түнгі 12-ге дейін эфир қонақтары, қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары құтты болсын айтады. Марафонда музыканттар жанды дауыспен ән шырқап, жүлделер ойнатып тыңдармандармен интерактив жасайды.

Марафонның басты тосынсыйы – радиоға алғаш рет Ninety One тобы келіп, сұхбат береді. Музыканттар өз концертіне промокод пен өзге де сыйлықтарды ойнатады.

"Жұлдыз FM-дегі" радиомарафон дәстүрі 2015 жылы, радионың бір жылдығында басталды. Содан бері марафон жыл сайын өтіп келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети