Жетісулықтар "Еңбек жолы" республикалық конкурсына қатысады

27 Шілде 2017, 10:48
0
Жетісулықтар "Еңбек жолы" республикалық конкурсына қатысады -

Алматы облысында Жалпылы еңбек қоғамы идеясын ілгерлетуге бағытталған "Еңбек жолы" атты еңбек әулеттері арасындағы республикалық конкурсына өтініш қабылдау басталды. Бұл туралы Алматы облысының Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сәния Наурызбаев мәлімдеді. 

"Конкурс еңбек әулеттері және өндіріс қызметкерлері арасында өткізіледі. Басты мақсат - еліміз бен облыстың экономикасына еңбек сіңірген отандастарымыздың жетістігін мадақтау. Облыстық және аудандық (қалалық) деңгейде конкурс үш номинация бойынша өтеді: "Үздік еңбек әулеті", "Өндірістің ең жас үздік қызметкері", "Еңбекшіл жастардың үздік ұстазы". Облыс аудандары мен қалаларында қатысушылардан өтініш қабылдау маусым айынан басталды және тамыздың соңына дейін жалғасады", - дейді Сәния Наурызбаева. 

"Үздік еңбек әулеті" номинациясы бойынша мемелекеттік, ведомстволық наградалар, отбасы мүшелері мен әулет өкілі болып саналатын туыстар саны және жалпы еңбек өтілі есепке алынады. 

Сонымен бірге, "Өндірістің ең жас үздік қызметкері", "Еңбекшіл жастардың үздік ұстазы" номинациялары бойынша кәсіби дағдыларды игеру, еңбек үшін сыйлықтар, білім деңгейі, еңбек жолында жеткен жеке жетістіктері және өзге де жағымды жетістіктері есепке алынады. 

Брифинг соңында Сәния Дүйсенбаева облыс тұрғындарын "Еңбек жолы" конкурсына белсенді қатысуға, ал мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қолдау көрсетуге шақырды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай