30 қыркүйек 2015 13:42

Жезқазғанда әділет басқармасының басшысы қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sayan19.ru © sayan19.ru

Жезқазғанда әділет басқармасының басшысы Мұрат Аққұлов қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол пара алды және лауазымын асыра пайдаланды деген күдік бар.

"25 қыркүйек күнгі Жезқазған қалалық сотының қаулысымен қаланың әділет басқармасының басшысы Мұрат Аққұловқа қатысты оны екі айға қамауға алу шешімі мақұлданды. Ол "Пара алу", "Лауазымды асыра пайдалану" баптары бойынша қылмыстарды жасады деген күдік бар. Сот қаулысы әзірше заңды күшіне енген жоқ. Аққұловтың қорғаушысы апелляциялық алқаға шағымданды", - деп түсіндірді облыстық соттың баспасөз қызметінің басшысы Гүлбаршын Жітікова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети