16 ақпан 2021 20:02

Жиын өткізгісі келетіндер жаңа заңға бағынуға міндетті - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қасым-Жомарт Тоқаев митингілер туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президенттің Бас прокуратураның басшылық құрамымен кеңесте сөйлеген сөзін баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жариялады.


Қасым-Жомарт Тоқаев митингілер туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президенттің Бас прокуратураның басшылық құрамымен кеңесте сөйлеген сөзін баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жариялады.

"Былтырдан бастап Қазақстанда бейбіт жиындар өткізу туралы мүлде жаңа заң күшіне енді. Егер бұрын қолданыста болған заңда рұқсат алу процедурасы болса, жаңа заңда митинг өткізу туралы хабарласа жеткілікті. Сонымен қатар, ірі қалалардың орталықтарында бейбіт жиындарға, оның ішінде, наразылық акцияларын өткізуге арнайы орындар белгіленген.

Бұл біздің қоғамды демократияландыру жолындағы өте маңызды қадам. Бұл саясатты біздің қоғамда ғана емес, шетелдерде де түсіндіруіміз керек. Жиын өткізгісі келетіндер жаңа заңға бағынуға міндетті", - деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, азаматтардың билікке қатысты өз ойын білдіру, сыни пікір айту құқынан ешкім айыра алмайды.

"Бұл олардың конституциялық құқығы және ол қатаң түрде заң аясында орындалуы керек", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети