18 ақпан 2015 12:38

Жоғалған жүк үшін әуе компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері көбейтіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жоғалған жүк шығыны үшін әуе компаниялары төлейтін өтемақының көлемі артады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Жеңіс Қасымбекке сілтеме жасап. Парламент Мәжілісінің отырысында қаралған Халықаралық әуе тасымалының кейбір ережелерін сәйкестендіруге арналған конвенцияда осындай норма бар.

"Әрбір келі үшін залалды өтеудің көлемі 50 пайызға дейін көтеріледі", - деді Қасымбеков, депутаттардың сұрағына жауап беріп. Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметінше, енді төлемдер компанияның кінәсі бар-жоғына қарамастан міндетті түрде төленеді. Қазір Варшава конвенциясына сәйкес, қазақстандықтарға жүктің әр келісі үшін 20 доллар, яғни бір багажға 400 доллар көлемінде төленеді. Жаңа конвенция бойынша, жолаушыға бір орын үшін міндетті түрде 1600 доллар төленеді. Багаждың бүлінгені үшін әр келіге - 27 доллар. Егер жүктің жоғалып кетуіне әуекомпания кінәлі болса, сот арқылы дәлелденген соң оның толық құны өтеледі.

"Эйр Астана" вице-президенті Алматбек Мәмбетовтің айтуынша, өткен жылы компания багаждың бүлінгені, жоғалғаны және рейстердің кешіккені үшін жолаушыларға 67 мың АҚШ долларын төлеген.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети