Жоғарғы сот Сейітқазы Матаевтың хатына жауап берді

20 Наурыз 2018, 12:13
0
Жоғарғы сот Сейітқазы Матаевтың хатына жауап берді - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Жоғарғы сот Сейітқазы Матаевтың хатына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше Қазақстанның Журналистер одағы басқармасы төрағасы Сейітқазы Матаев БАҚ өкілдері арқылы ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асановқа ашық хат жолдады. Хат Қапшағай қалалық сотының Әсет Матаевтың жазасын жеңілдету туралы өтінішін орындаудан бас тартуына байланысты жолданған. Хатта Сейітқазы Матаев осы мәселені, яғни, Әсет Матаевқа қатысты істі өз бақылауына алуын сұрайды", - деп келтірді хаттың мазмұнын Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

 "Ашық хат бойынша былай жауап береміз. Қазақстанға заңға сәйкес, жеке бақылауға алу сияқты процессуалдық түсінік заңда және сот практикасында мүлде болмаған. Осыған байланысты Әсет Матаев пен оны қорғаушылардың заң арқылы осы үкімді Қапшағай қалалық сотының өкілдері қайта қарап шығуын үшін апелляциға беруге болатынын хабарлаймыз", - деді Жоғарғы соттың баспасөз қызметіндегілер.

Өткен аптада Қапшағай қалалық  соты Әсет Матаевтың жазасын жеңілдету туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан еді.

Еске сала кетейік, Сейітқазы Матаев былтыр желтоқсанда бостандыққа шыққан болатын.

Осыған дейін Матаевтың мемлекеттік тапсырыстарды орындау барысында ақша жымқырды деген күдікке ілінгені хабарланған. Сейітқазы Матаев ҚР ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы және 245-бабы, 3-бөлімі бойынша, сондай-ақ ҚР ҚК-нің (16.07.1997 жылғы редакция) 177-бабының 4-бөлімінің "б" тармағы бойынша айыпталуда. Астананың аудандық сотына Сейітқазы Матаевтың ұлы - Әсеттің де ісі жіберілген, оған ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша айып тағылған болатын.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай