10 желтоқсан 2023 09:14

"Жоқтан бар шығару керек". Созақ тұрғыны ерекше кәсібі туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

24.kz 24.kz

Созақ ауданының тұрғыны Дінмұхамед Оспанов шағын шеберханасында автокөлік бөлшектерін құрастырады. Тұрмысқа қажетті бұйымдар жасап, темірден түйін түйеді. Ол ерекше кәсібі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.


Созақ ауданының тұрғыны Дінмұхамед Оспанов шағын шеберханасында автокөлік бөлшектерін құрастырады. Тұрмысқа қажетті бұйымдар жасап, темірден түйін түйеді. Ол ерекше кәсібі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

"Келген адамдар түн ортасы демейді. Өздеріне қажет уақытында келеді жонатын, сынып қалған заттарын алып келеді. Соны әйтеуір осы жерде өңдеп шығарып, жонып береміз. Мысалы, өзіме қоса әкем бала-шағама да үйретіп жатыр. Бұл жақсы кәсіп, ерінбесең табысты боласың", - дейді темір ұстасы Дінмұхамед Оспанов.

Шебер әкенің тәжірибесі талапты балаға азық болды. Бірлесіп атқарған тірліктің берекесі мол. Осылайша техниканың тілін тапқан мамандар "талаптансаң табысқа кенелесің" дейді. Сөйтіп, бұл отбасыда ұрпақтар сабақтастығы сақталды. Немерелері де темір ұстасы болуға машықтанып жүр.

"Өз балаларымды ғана емес, ел балаларын үйреткім келеді. Әрі қарай алып кетсе, бұл деген жақсы мамандық қой. Жұртқа көмектесесің. Жоқтан бар шығару керек. Киім сияқты бұны да жеті рет өлшеп, бір рет кессең, есебінен нақты шығасың", - деді темір ұстасы Бекмұханбет Оспанов.

Шебер алдағы уақытта қажетті құрал-сайманын түгендеп, кәсіпорынды кеңейткісі келеді. Себебі ауыл-аймақта токарь қыр-сырын жақсы білетін маман тапшы.

"20-25 жылдай болды бұл отбасымен көршімін. Жүгіріп келе саламыз, пышақтарды қайратамыз, күрек, кеппен одан басқа пеш бұзылып қалса да жндеп береді, істейтін жерлері болса бәрін істеп береді. Көрші болғаннан кейін сұрамайды, ақы алмайды бізден", - деді Шолаққорған ауылының тұрғыны Нағима Байташова.

Биыл Созақ ауданында 45 азаматқа кәсіп бастау үшін қайтарымсыз қаражат берілді. Әлеуметтік осал топ пен көпбалалы отбасы мүшелеріне, мүгедектігі бар баланы асыраушыларға 1 миллион 380 мың теңге көлемінде грант тағайындалды. Сала мамандарының сөзінше, жыл санап конкурсқа өтініш берушілердің қатары артып келеді.

"4 легте өтініш қабылданды. Жалпы әр легте 16 азаматтан 45 азамат қамтылды. Көбісі тігіншілік жағы, одан кейін қолөнер бұйымдарын дайындау, токарлық станоктар бойынша кәсіп ашқан азаматтар қосымша жетпей жатқан жабдықтарымен қамтамасыз етілді", - деді Созақ аудандық "Мансап" орталығының директоры Елдос Дәулетбаев.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған ауыл азаматтары мониторинг топтары бақылайды. Мамандар қайтарымсыз қаржының мақсатты жұмсалуын қадағалап, кедергілерді бірлесіп шешуге қолдау көрсетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети