22 қыркүйек 2014 19:05

Жол апатынан қайтыс болған автобус жүргізушісінің отбасына 250 мың теңге берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © "Территория происшествий" бағдарламасынан алынды Фото © "Территория происшествий" бағдарламасынан алынды

Жанармай тасушы көлікпен соқтығысып қайтыс болған автобус жүргізушісінің отбасына 250 мың теңге берілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Транс АВ" ЖШС-ның директоры Александр Выприцкий мәлімдеді.


Жанармай тасушы көлікпен соқтығысып қайтыс болған автобус жүргізушісінің отбасына 250 мың теңге берілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Транс АВ" ЖШС-ның директоры Александр Выприцкий мәлімдеді.

Еске салайық, Алматыда бүгін таңертең ірі жол көлік апаты болып жеңіл автокөлік, жолаушылар автобусы және жанармай таситын көлік бір-бірімен соқтығысты

"Біз жол апатынан қайтыс болған автобус жүргізушісінің отбасына 250 мың теңге бердік. Жерлеу рәсімі бүрсігүні Таразда болады. Зардап шеккен жолаушыларға қатысты олардың қайсысының медициналық көмекке жүгінгенін және тағы басқа жайттарды анықтау қажет. Негізінде біздің автобустардың барлығы сақтандырылған. Сондықтан төлемақы төленетін болады" - деді Выприцкий. Қайтыс болған автобус жүргізушісінің жасы 49-да. Оның көпжылдық еңбек өтілі болған.

"Алматы құтқару қызметінің" мәліметіне қарағанда, Royal Petrol компаниясына қарасты жанармай таситын көлікпен соқтығысқан жол апатынан 14 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген.

"Құтқарушылар арнайы құралдың және қол гидравликасының көмегімен автокөліктердің аккумуляторларын ажыратты, содан кейін автобус көшенің көлік жүретін бөлігінен алынды" - делінген хабарламада. Олардың қандай жағдайда екені әзірге белгісіз. 

Алматы қаласы ІІД-нің Анықтау басқармасы кісі өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы  бойынша "Жол қозғалысы ережесін бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғады. Соның аясында тиісті сараптама жүргізіледі. Тергеу басталды. Ал Royal Petrol әзірге жол апатына қатысты ешқандай пікір білдірмеді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети