Маңғыстау – Алматы бағыты бойынша пойыздың үйіне көңілді жетпек болған 47 жастағы жолаушысы үшін сапар межеленген жерде емес, полиция бөлімшесінде аяқталды. Вагон-мейрамханада мас күйде тәртіп бұзып, қызметкерлерді балағаттаған ер адамды Бейнеу бекетінде жеке заттарымен қоса мәжбүрлі түрде түсіріп жіберген. Ол 25 тәулікті қамауда өткізеді, деп хабарлайды Tengri Travel.
Маңғыстау – Алматы бағыты бойынша пойыздың үйіне көңілді жетпек болған 47 жастағы жолаушысы үшін сапар межеленген жерде емес, полиция бөлімшесінде аяқталды. Вагон-мейрамханада мас күйде тәртіп бұзып, қызметкерлерді балағаттаған ер адамды Бейнеу бекетінде жеке заттарымен қоса мәжбүрлі түрде түсіріп жіберген. Ол 25 тәулікті қамауда өткізеді, деп хабарлайды Tengri Travel.
Көліктегі полициясы департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам жолаушылардың тыныштығын бұзған.
"Пойыз бастығының актісі негізінде Бейнеу станциясындағы көліктегі полиция бөлімшесінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған 47 жастағы Қызылорда облысының тұрғынын пойыздан түсірді. Алкогольдік масаң күйде болған азамат вагон-мейрамхана директорына балағат сөздер айтып, жолаушылар мен пойыз қызметкерлерінің тыныштығын бұзған", – делінген полиция хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, жолаушыны бекеттегі полиция бөлімшесіне жеткізу кезінде ол құқық қорғау органдары қызметкерлерімен жанжалдасқан.
"Тәртіп сақшылары келгеннен кейін де құқықбұзушы өз әрекетін тоқтатпай, полиция бөлмесіне жеткізу кезінде қызметкерлердің заңды талаптарына бағынбаған. Тексеру қорытындысы бойынша көлік полицейлері құқықбұзушыны ҚР ӘҚБтК-нің бірден үш бабы бойынша жауапкершілікке тартты. Атап айтқанда, қоғамдық орында мас күйде болғаны, ұсақ бұзақылық жасағаны және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін. Жиналған материалдар сотқа жолданды", – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Іс материалдарын қараған сот құқықбұзушыға 25 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындады.
"Бұл азаматтың заң бұзғаны үшін жауапкершілікке алғаш рет тартылуы емес. Ол осыған дейін бір жыл ішінде қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған болатын. Алайда бұдан тиісті қорытынды шығармаған", – деп толықтырды полиция.
Бұған дейін Қызылорда – Павлодар бағытындағы пойызда жолаушы қыз купесіне мас ер адамды отырғызған жағымсыз жағдайға тап болған. Қыз қоқан-лоқыға қарамастан оқиғаны жария етті. Нәтижесінде бұзақы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сот оған 86 500 теңге көлемінде айыппұл салды.
Тағы оқыңыз: “Аяғынан ұстаған“. Астанаға бара жатқан жолаушы 5 тәулікке қамалды
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!