24 шілде 2022 09:45

Жолдағы ерекше белгілер Қарағанды ​​тұрғындарын таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: "5 канал" телеарнасы Фото: "5 канал" телеарнасы

Қарағандыда жергілікті тұрғындар Республика даңғылында салынған ерекше ирек сызықты белгілерді талқылап жатыр, - деп хабарлайды "5 канал".


Қарағандыда жергілікті тұрғындар Республика даңғылында салынған ерекше ирек сызықты белгілерді талқылап жатыр, - деп хабарлайды "5 канал".

Қарағандылық жүргізушілер оны "мас белгілер" деп атап кеткен. Жол ережесінде мұндай белгілер жоқ, ал жүргізушілер ол нені білдіретінін білмей әуре.

"Кеше ғана салынды, енді көріп жатырмыз. Қайдан білеміз? Жаяу жүргіншілер өткеліне көбірек көңіл бөлген шығар", - деді автобус жүргізушісі.

"Ешбір жерде ешнәрсе жазылмаған, ереженің еш жерінде ондай белгі бар екені көрсетілмеген. Ешкім білмейді. Бәрі таңғалып жатыр", - дейді жергілікті көлік жүргізушісі.

Қазақстанда мұндай белгілер бұрын еш жерде қолданылмаған. Бірақ осыған ұқсас сызықтар Ресей мен Англияның жолдарында бар.

Әкімдіктегілер жол белгісін ирек қылып сызуды қалалық Коммуналдық шаруашылық басқармасы мен әкімшілік полиция бірлесіп ойлап тапқан тәжірибе екенін түсіндірді. Белгілер қозғалыс жылдамдығын азайтуға көмектеседі - ол жүргізушілерді көлігін баяулатуға мәжбүр етеді.

"Алты ай ішінде 50 жол-көлік оқиғасын тіркедік, оның 31-інде жаяу жүргіншілер зардап шеккен. Осыған байланысты жылдамдықты азайту мақсатында бұл белгіні тәжірибе жүзінде қолдандық", - деді Қарағанды ​​қалалық әкімшілік полиция басқармасының басшысы Мақсат Жұмашев.

Полиция тек алты айдың ішінде көліктер жаяу жүргіншіні қағуы салдарынан 16 адам қаза тауып, 43 адам жарақат алғанын хабарлады. Тәжірибе жақсы нәтиже көрсетсе, басқа көшелерге де дәл осындай ирек белгілер салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети