13 ақпан 2019 18:15

Жомарт Ертаевты қамаудан босатпады

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жомарт Ертаев Жомарт Ертаев

RBK банкінің төрағасының бұрынғы кеңесшісі Жомарт Ертаев қамауда қалады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілішісінің сауалына Мәскеу қалалық сотының баспасөз өкілдері жауап берді.


RBK банкінің төрағасының бұрынғы кеңесшісі Жомарт Ертаев қамауда қалады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілішісінің сауалына Мәскеу қалалық сотының баспасөз өкілдері жауап берді.

Мәскеу қалалық соты Жомарт Ертаевтың қорғаушыларының 2019 жылдың 26 маусымына дейінгі қамауына байланысты берген апелляциялық шағымын қарағаннан кейін преснендік соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

"2018 жылдың 25 желтоқсанында преснендік аудандық соты Ертаевты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы туралы қаулы шығарды. Қамауда ұстау уақыты 2019 жылдың 26 маусымына дейін ұзарды. 2019 жылдың 30 қаңтарында Мәскеу қалалық сотының шешімімен апелляциялық шағым қанағаттандырылмады", - деді соттың баспасөз өкілдері.

Осыған дейін, Жомарт Ертаев қашқын мәртебесінен айырылған.

Айта кетейік, 2019 жылдың 11 қаңтарында Ресей Қазақстанның Жомарт Ертаевты қайтару туралы ұсынысын қанағаттандырған. Бірақ, Ертаевтың қорғаушысы Алексей Петровтың айтуынша, бұл тек бірінші инстанция екенін, сәйкесінше шешім күшіне енбеді деді. Ал, жұма күні шығарылған шешімге шағым түсірілетінін айтты. Ертаевқа қатысты шешім күшіне енбейінше, ол еліне қайтарылмайды.

Осыған дейін ресейлік құқыққорғаушылар 2018 жылдың мамырында Ертаевты "Москва-Сити" маңынан ұстап, сотқа жеткізген. Мәскеудің преснендік соты кәсіпкерді қамауға алу туралы шешімді қабылдаудан бас тартып, оны үй қамауына алды. Прокуратура қабылданған шешімге қарсылық білдіріп, оны қате шешім деп мәлімдеген.

Қазақстанда Ертаевқа қатысты тергеу ісі ҚР Қылмыстық кодекстің 177-бабының 4-бөлігі бойынша 2018 жылдың наурыз айында басталды. Бұл бап бойынша оны 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. Прокурордың айтуынша, оған 80 миллион доллар ақша жымқырды деген айып тағылған.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети