08 маусым 2023 | 09:55

"Жоспар бойынша - мектеп". Астана әкімдігі тұрғын үй кешеніне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Expo New Life-2 ТҮК. Фото:2gis.kz Expo New Life-2 ТҮК. Фото:2gis.kz

Астанада Түркістан көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылы аралығындағы ЭКСПО алаңындағы тұрғын үй кешенінің орнына жоспар бойынша 1200 орындық орта мектеп салынуы керек болған. Бұл жағдай талай жылдан бері елордада мектеп жетіспеушілігін айтып шағымданған қала тұрғындарының ашуын келтірді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада Түркістан көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылы аралығындағы ЭКСПО алаңындағы тұрғын үй кешенінің орнына жоспар бойынша 1200 орындық орта мектеп салынуы керек болған. Бұл жағдай талай жылдан бері елордада мектеп жетіспеушілігін айтып шағымданған қала тұрғындарының ашуын келтірді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz оқырмандары редакцияның WhatsApp нөміріне +7 777 001 44 99 Астана қаласының Бас жоспарында Есіл ауданындағы Түркістан көшесі бойында №34 үш қабатты 1200 орындықты мектеп барын хабарлады. Алайда, мектептің орнында Expo New Life 2 тұрғын үй кешені бой көтерген. Сайт оқырмандары бұл үйдің бюджеттік ақшаға салынғанын айтты.

Бас жоспарда мектеп нақты көрсетілгенімен, бұл белгіленген жерде көпқабатты тұрғын үй кешені тұрғызылған. Құрылысты салған - "Шанг Хи Груп" компаниясы.

Ашық ақпарат көздерінен үйдің 2020 жылы салынғаны белгілі болды. Бірақ содан бері бас жоспардағы деректер өзгерген жоқ.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі егжей-тегжейлі жоспарлау 2017 жылдың қаңтарында өзгертілгенін хабарлады. Бұған дейін жоспарда көрсетілгендей мектеп болса, қазір бұл жер жекеменшікте.

Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тұрғын үй кешенінің бюджет ақшасына салынбағанын түсіндірді.

"Жер телімі 2014 жылдың желтоқсанынан бастап жекеменшікте. Нақты жоспар бойынша 2017 жылдың қаңтарында тұрғын үй кешені салынатын болып өзгертілді. Тұрғын үй кешенін жеке компания өз қаражатына салған", - деді ведомство.

Неге Бас жоспардағы деректер осынша жылдан бері өзгертілмегені белгісіз.

Тұрғын үй кешені туралы заңды сауал туындайды. 2020 жылы Астанада Expo New Life тұрғын үй кешені үлескерлерінің арызы бойынша "Шанг Хи Груп" ЖШС-не қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі. Бұл жағдайда тәртіп сақшылары екі оқиғаны тіркеп, келтірілген шығын көлемі 2 миллиард теңгеден асты. Тергеудің қалай аяқталғаны туралы хабарланбады, бірақ тізімде жауапсыз компания көрсетілмеген.

Бірнеше жылдан бері Астанада мектептердің жетіспейтіндігі туралы айтылып келеді. Жыл басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада балабақшалар мен мектептердегі орын тапшылығы мәселесі әлі де өзгермей отырғанын айтты. Ол кейбір елордалық мектептер әлі де үш ауысымда жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, елордада мектеп салу жоспары орындалмай жатыр. Былтыр сегіз жаңа мектеп салынса, үшеуі пайдалануға берілмеді. Соның салдарынан үш ауысымда оқитын мектептердің саны артып келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети